Кредиттерге қатысты жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақтар |
Жауаптар |
Кредитті мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия бар ма? |
Кредитті мерзімінен бұрын толығымен/ ішінара өтегені үшін Тарифтер әрбір кредиттік өнімге жеке-жеке белгіленеді. Мерзімінен бұрын өтеудің шарттары Банктік қарыз келісімшартында көрсетіледі. |
Кредиттің қолжетімді сомасымен алдын ала есеп айырысуға бола ма? |
Кредиттің қол жетімді сомасымен банктің Байланыс бөліміне хабарласу немесе банктің бөліміне тікелей келу арқылы алдын ала есеп айырысуға болады. |
Қарыз алу үшін қандай құжаттарды жинау қажет? |
Банктің Байланыс орталығына немесе банктің кез келген бөліміне хабарласу арқылы әрбір кредиттік өнім алуға қажетті құжаттардың жиынтығы туралы ақпараттар алуға болады. |
Қарыз алу кезінде жасқа байланысты шектеулер бар ма? |
Кредит алғысы келген клиенттің жасы 21-ден жоғары болуы тиіс, кредитті толығымен өтеу кезіндегі жасы зейнетақы жасынан аспауы керек. |
Кредитті өтеудің әдістері |
Кредитті Банктің кез келген бөлімінде өтеуге болады, Банк бөлімдерінің мекенжайлары туралы ақпаратты сілтеме («Филиал» тарауындағы сілтеме) арқылы немесе шоттың деректемелері болған жағдайда, сәйкесті комиссия төлеп, Қазпошта мен «Халық Банкі» АҚ бөлімінен алуға болады. |
Басқа қалада кредитті толығымен жабуға бола ма? |
Қарыз алушы орналасқан мекендегі банк филиалына (Посткредиттік қызмет көрсету секторы) жазбаша арыз беріп, кредитті толығымен/ішінара өтеуге болады. |
Қарызды басқа бір тұлға өтей ала ма? |
Жоспарлы түрдегі өтемақыны үшінші тұлға жасай алады, алайда толығымен/ішінара өтеме жасау үшін Қарыз алушының өтініші немесе Қарыз алушының нотариалды расталған сенімхаты қажет. |
Берешектің бар/жоқ екені туралы анықтама беріле ме? |
Несиелік берешектің жоқ екені туралы анықтаманы Қарыз алушының жазбаша берген өтінішінің негізінде банк филиалынан (Посткредиттік қызмет көрсету секторы) алуға болады. |
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.