Депозиттерге қатысты жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақтар |
Жауаптар |
Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемақының қазіргі кездегі сомасы қандай? |
5 000 000 (бес миллион) теңге |
Капиталдандыру деген не? |
Ақшаның нақты қалдығына есептелетін сыйақыны Банктік салым келісімшартында көрсетілген кезеңділікте (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жинақ шотына аударып отыру. |
Бір банкте теңгедегі 1 (бірден) артық шот ашуға бола ма? |
Иә |
Банктік салым келісімшартының мерзімі аяқталған күні депозитті алып үлгермесе, оның жағдайы қалай болады? |
Банктік салым келісімшартының мерзімін ұзарту сәтіндегі салымның (өнімнің) түрі бойынша сыйақы мөлшерлемесін белгілеп, сол мерзімге ұзартуға болады (автоматты түрде ұзартуға). |
14 жасқа толмаған балаға депозит ашуға бола ма? |
Иә, ата-анасының бірі немесе басқа бір заңды өкілі немесе ата-анасының немесе заңды өкілінің сенімхаты негізінде іс-әрекет ететін үшінші тұлға аша алады. |
Білім алуға ашылған депозитке мемлекеттің сыйлықақысы қалай есептеледі? |
Жинақ мерзімі бір жылдан асқанда 1-қаңтардағы күй-жайға қарай салымда жинақталған қалдықтың нақты сомасына, жыл сайын мемлекеттің сыйлықақысы есептеліп отырады. |
Бүкіл оқу кезеңі үшін білім алуға қатысты қызметтерді төлеп болған соң білім депозитінде қалған ақшаны одан ары қарай не істеуге болады? |
Оқу кезеңін толығымен төлеген соң, салымшы немесе оның заңды өкілі, мемлекеттің сыйлықақысы есептелген соманы алуына немесе одан ары қарай жинақтай беруіне құқығы бар. |
Білім депозитінің есебінен шетелдің жоғарғы оқы орнындағы оқу үшін төлем жасауға бола ма? |
Егер салымшы шетелдің оқу орнына түссе, онда ол шетелдегі білім беру ұйымына қабылданғанын растайтын құжаттарды тапсырып, мемлекеттің сыйлықақысы мен банктік сыйақысы есептелген жинақ қаражатының есебінен оқу ақысын төлеуіне құқылы. Шетелдік оқу орнына ақша аударылған сәттен бастап мемлекеттің сыйлықақысының есептелуі тоқтатылады. |
Оқу уақытша тоқтатылған немесе оқудан шығып қалған жағдайларда, салымға мемлекеттің сыйлықақысы есептеле ме? |
Білім орнындағы оқудан шығып қалған сәттен бастап үш күнтізбелік жыл өткенге дейін мемлекеттің сыйлықақысының сақталуы Заңда қарастырылған. |
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.