800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Проблемалы қарыздар туралы жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақтар

Жауаптар

Проблемалы қарыздарды қайта құрылымдағаны үшін Банктің алатын комиссияның мөлшері қандай?

Банктің Байланыс орталығына немесе Банктің кез келген бөліміне хабарласу арқылы банктің бекітілген тарифтерінің толық тізімін алуға болады.

Кепілдегі жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің сатылуы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Сатылымға қойылған, кепілдегі жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің тізімімен Банк сайтынан танысуға болады.

Мен проблемалы қарыз алушы болып, бершектердің қалдығын өтегім келсе, Банк менен өсімақылар мен айыппұлдарды алып тастай ала ма?

Иә, клиент Банкке жазбаша өтінішін берсе, Банктің уәкілетті алқа органы әрбір қарыз алушының өтініштерін жеке-жеке қарастырады.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасының шарттары туралы қайдан білуге болады?

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасының шарттары туралы мәлімет Банктің сайтына орналастырылған.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасына қатысуға қажетті құжаттардың тізімін қайдан алуға болады?

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасына қатысуға қажетті құжаттардың тізімі Банктің сайтына орналастырылған.

Үшінші тұлғаның менің қарызым туралы мәліметтерді білуіне бола ма?

Иә, ресми түрде сұрағанда және сәйкесті нотариалды расталған сенімхаты болғанда.

Өтеу кестесін (өтеу күнін, өтеу кезектілігін ж.т.б.) өзгерте алам ба?

Иә, клиент Банкке жазбаша өтінішін берсе, Банктің уәкілетті алқа органы әрбір қарыз алушының өтінішін жеке-жеке қарастырады

Проблемалы қарыздарға қатысты басқа да сұрақтар болса.

Филиалдардың бөлімдері басшыларының, Филиалдардың проблемалы кредиттер секторы меңгерушілерінің байланыс мәліметтері орналастырылсын.