Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры
«Нұрбанк» АҚ депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасындағы барлық салымдары міндетті кепілдендірудің нысаны болып табылады.
Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиторларға кепілдік берілетін депозиттер бойынша сыйақыны есепке алмастан мынадай:
1) жинақ депозиті (салымы) бойынша қалдық, бірақ ұлттық валютадағы кепілдік берілген жинақ депозиті (салымы) бойынша жиырма миллион теңгеден аспайтын;
2) депозит бойынша қалдық, бірақ ұлттық валютадағы кепілдік берілген депозиттердің басқа түрлері бойынша он миллион теңгеден және шетел валютасындағы кепілдік берілген депозит бойынша бес миллион теңгеден аспайтын сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Қатысушы банкте депозитордың түрі мен валюта бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиырма миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.
Кепілдендірілген өтемақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)