800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

CONTACT

contact_logo

«Нұрбанк» АҚ өз клиенттеріне CONTACT жүйесі бойынша халықаралық ақшалай аударымдар жүргізу қызметін ұсынады.

CONTACT аударымдары — жеке тұлғалар арасындағы шот ашпастан жүргізілетін ақшалай аударымдар:

  • бүкіл әлем бойынша (РФ, ТМД және алыс шетел);

  • ресей рубілімен, АҚШ долларымен және Еуромен;

Жеткізу жылдамдығы: 15 минуттан әрі қарай. Аударымды беру уақыты жіберу пункті мен алу пункітіндегі уақыт айырмашылықтарына, сондай-ақ алушы-банктің жұмыс режиміне байланысты болады.

Contact тарифтеріне сәйкес.

Аударым алуға дайын: аударым жасаған сәттен бастап 15 минут ішінде. 3 жыл ішінде.

Аударым жасау үшін қажет құжаттар тізімі: ақша жіберушінің жеке басын куәландыратын құжат

Ақшалай аударымды алу шарттары: Жеке басын куәландыратын құжат көрсету. Операционистке аударымның нөмірін, сомасын, валютасын және ақша жіберушінің аты-жөнін айту.

Ақшалай аударымды қайтару шарттары: Аударымды Ақша жіберушіге ақша аударылған сәттен бастап 3 жыл ішінде қайтаруға болады (аударым туралы «ақша берілуге дайын» белгісі сақталған жағдайда).

Аударымды жіберу үшін Сіз:

  • Банкке келіп, банк менеджеріне келу мақсатыңызды айтасыз.

  • Алуышыға аударымды беретін елді, қаланы және банкті таңдайсыз.

  • Тұлғаңызды куәландыратын құжат пен ЖСН көрсетесіз.

  • Банк менеджері Сізге құжаттарды толтыруға көмектеседі және Аударымға бірегей нөмір береді.

  • Аударым сомасы мен аударым үшін комиссияны банк кассасына төлейсіз.

  • Алушыға ақшаны алуға болатын банктің мекенжайын, Аударымның сомасын және нөмірін хабарлаңыз.

  • Аударым келесі күннен кешіктірілмей Алушыға толық көлемде беріледі, комиссия ұсталмайды.

Аударымды алу үшін Сізге:

  • Жіберушіден Аударым туралы ақпарат алу керек:

    • Сіздің атыңызға жіберілген қаражатты беретін банктің мекенжайы;

    • Аударым нөмірі;

    • Аударым сомасы.

  • Банктің жұмыс істейтін уақытында тұлғаңызды куәландыратын құжат пен ЖСН алып банкке бару керек.

  • Жіберілген соманы толық алу керек.

Агент-банктер, CONTACT жүйесі бойынша қызмет көрсететін пунктер және олардың орналасқан жерлері туралы толық ақпаратты Сіз Аударым жүргізетін Банктің менеджерінен немесе банктің Байланыс орталығына  8 (727) 250-00-00 нөмірі бойынша хабарласып біле аласыз.