Назар аударыңыз, алаяқтық шабуылдар жиілеп кетті!
Құрметті клиенттер!
Алаяқтардың банк клиенттеріне жасаған шабуылдары тағы да жиілеп кетті. Кең тараған бірнеше схемалар бар. Алаяқтар:
- Қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері деп таныстырады. Олар күдікті операция туралы хабарлайды және клиенттің шотынан ақша аудару үшін деректерді алуға тырысады. Мысалы, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды, жаңа құпиясөзді және SMS-хабарламалардан құпия кодты хабарлауды сұрайды. Осы деректерді қолдана отырып, алаяқтар клиенттің шотынан ақша аударады немесе тіпті оның атына ақшалай кредиттер алады.
- Қоңырау шалып, клиенттің шоттарынан ақша ұрлануы мүмкін екендігі туралы хабарлайды және оған шұғыл түрде "айна шотына", "сақтандыру агентіне", "сақтандыру ұяшығына" және т. б. ақша аударуды ұсынады. Аңыз әртүрлі болуы мүмкін, бастысы - клиенттің ақшаны көрсетілген шоттарға аударуы. Кейбір жағдайларда арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен алаяқтар банк нөмірінен немесе банк нөміріне өте ұқсас нөмірден қоңырау шала алады.
- Хабарламаларды пошта арқылы немесе мессенджерлерде қайырымдылық акциялары, бірегей қаржылық қызметтер, жүлделердің ұтыс ойындары және т.б. туралы ақпаратпен жібереді. Оларда жеке деректерді енгізуге немесе банк операцияларын жүргізуге қажет сілтемелер бар. Адамдар өз картасының деректерін енгізген кезде, алаяқтар сол картадан ақша шешіп алады. Сондай-ақ, сілтемеде алаяқтарға сіздің қосымшаңызға кіруге мүмкіндік беретін вирус болуы мүмкін.
- Қоңырау шалып, біреу сіздің жеке кабинетіңізге кіруге тырысқандығын және қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымшаны жүктеуді ұсынады. Шын мәнінде, бұл бағдарлама алаяқтарға телефоныңызға кіруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін олар клиент атынан қоңырау шалып, қаржылық операциялар жасай алады.
Банктер өз клиенттерінің сенімін бағалайды. Олар дербес деректер мен электрондық ақша операцияларының жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан алаяқтар қолданушылардан ақшаны алдау жолымен алуға тырысады.
Есіңізде болсын, алаяқтар адамды қорқытуға тырысады, оны тез ақша беруге мәжбүр етеді, ойлануға мүмкіндік бермейді. Өзіңізді қорқытуға жол бермеңіз, абай болыңыздар! Қаскүнемдердің әрекеттеріне біз бірге ғана қарсы тұра аламыз.
Осы ақпаратты сақтаңыз:
Алаяқ қоңырау шалса не істеу керек?
Алаяқпен сөйлеспеңіз. Телефон тұтқасын қойыңыз. Шоттағы ақшаның бүтіндігін тексеріңіз. Егер сұрақтарыңыз болса, банктің байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.
Ешкімге айтпаңыз:
- Мобильді қосымшадағы немесе интернет-банкингтегі жеке кабинетіңіздің құпиясөзін;
- Картаның деректемелерін: нөмірі, қолдану мерзімі, CVV/CVC-код (картаның артқы жағындағы үш таңбалы код).
- Жасалатын операцияны растау үшін SMS-кодын: төлем, аударым және т. б.
Адам өзін банк қызметкері деп таныстырса да және банк нөміріне ұқсас нөмірден қоңырау шалса да, бұл ақпаратты айтуға болмайды. Банк қызметкерлері бұл туралы ешқашан сұрамайды. Солай тек алаяқтар жасайды.
Жүктемеңіз:
- бейтаныс адамдардың сұрауы бойынша, кез-келген мобильді қосымшаларды
Сілтемелерді ашпаңыз:
- Хабарлама белгілі банктің немесе компанияның атынан келген болса да. Сілтемені басу арқылы сіз алаяқтарға банк шоттарынан ақшаңызды ұрлауға көмектесетін зиянды компьютерлік вирусты іске қосасыз.
Толтырмаңыз:
- Жеке деректері бар сауалнамаларды. Егер сіз сілтемені ашқан болсаңыз, сауалнамаларды ешқашан толтырмаңыз, сауалнамаларға қатыспаңыз, өзіңіз туралы ақпаратты қалдырмаңыз. Нақты акциялар мен лотереялар туралы білу үшін ақпаратты банктердің ресми сайттарынан немесе әлеуметтік желілерден оқыңыз.
Қаржылық пирамида құрығына қалай түспеуге және алаяқтардың құрбанына қалай айланбауға болады?
Егер де сізді қысқа мерзімге ақша салып, үлкен табыс табуға, ол үшін тек жаңа қатысушыларды тартумен ғана айналысып, басқа ешнәрсе істемеуге шақырса, онда сізді қаржылық пирамиданың тұзағына тартып жатыр деген сөз.
Сізді ақша салуға тартып жатқан жобаны ноу-хау ретінде көрсетсе, онда күдік туғызатындай жұмыстың стандартты емес схемалары көптеп орын алса, сіздің бойыңызда күдік туындауы тиіс. «Кереметтей табысты» және «қарқынды дамып келе жатқан бизнес» үшін алынған офис орташадан төмен болса немесе мүлдем болмаса, күдік туғызуы қажет. Әдетте, алаяқтар қандай жолмен және қалай табыс табатындары туралы ашық ақпарат бермейді.
Сақ болыңыз! Жинаған ақшаңызды қандай ба бір компанияға салмас бұрын, ол жайында интернет желісінен ақпараттарды іздеп көріңіз. Қаржылық қызметтер көрсетуге лицензиясы бар компаниялармен және келісімшарт бойынша ғана жұмыс істеңіз. Осы орайда келісімшартпен мұқият танысу қажет, қандай да бір күдік пайда болғанда, заңгерлермен кеңесіп алу керек.
Алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қарсы әрекет етудің қажет екендігін назарға ала отырып, сізді қаржылық сауаттылық жөніндегі білім беретін Fingramota.kz медиа порталының «Алаяқтардан сақтаныңыз» рубрикасынан берілетін мағлұматтармен толығырақ танысып алуға шақырамыз.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.