«Золотая Корона»
«Нұрбанк» АҚ өз клиенттеріне «Золотая Корона» жүйесі бойынша халықаралық ақша аударымдары қызметін ұсынады.
«Золотая Корона – денежные переводы» төлем жүйесі банктің клиенттеріне Қазақстан Республикасынан, Ресейден және Жақын шетелден/ Қазақстан Республикасына, Ресейге және Жақын шетелге ақша аударымдарын жіберуге мүмкіндік береді.
«Золотая Корона» төлем жүйесі бойынша келесідей қызметтерді жүзеге асыра аласыз:
- шетелге жеке тұлғаның пайдасына шот ашпай ақша қаражаттарын жіберу;
- шетелден жіберілген ақша қаражаттарын жеке тұлғаға беру.
Ақша қаражаттары жіберілетін елге қарай ресей рублімен, АҚШ долларымен және қазақстандық теңгемен тарифтерге сәйкес жіберіледі.
Комиссия «Золотая Корона» тарифтеріне сәйкес алынады.
Ақша аударымын қайтару шарттары:
- аударым жіберілген күннен бастап 60 күн ішінде оны жіберушіге қайтару қол жетімді болады.
Аударым жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- жіберушінің жеке басын куәландыратын құжат (ҚР резиденттері үшін жеке куәлік, ҚР бейрезиденттері үшін шетел азаматының төлқұжаты).
Ақша аударымын алу шарттары:
- ЖСН бар (резиденттер үшін) клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес КЖТҚҚІҚ бойынша басқа құжаттарды беру,
- банктің операциялық қызмет көрсету секторының қызметкеріне ақша аударымының нөмірін хабарлау.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда сіз банктің жақын жердегі бөлімшесіне немесе 8 (727) 250-00-00 телефоны немесе 2552 мобильді телефоны арқылы Банктің байланыс орталығына хабарласуыңызға болады.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)