SWIFT
Тауарларды және/немесе қызметтерді төлеуге ақша аудару үшін «SWIFT» ақша аударымдарының халықаралық жүйесін ұсынамыз.
Сіз үшін артықшылықтар:
- ыңғайлылық — ақша аударымы алушының шотына түседі,
- аударымдар сомасы бойынша шектеулердің болмауы,
- кең география — ақша аударымын әлемнің кез келген жеріне іске асыруға болады,
- қарапайымдылық — ақша аударымын рәсімдеу аз уақытты алады және клиенттің аударым бланкін қолмен толтыру рәсімінсіз өтеді,
- сол күні өңдеу – ақша аударымын жіберу валюталандырудың ағымдағы күнімен жүзеге асырылады,
- тиімді тарифтер — «Нұрбанк» АҚ-да «SWIFT» жүйесі бойынша ақша аударымдарын жіберу тарифтері – нарықтағы ең тиімділердің бірі болып табылады.
Ақша аударымын жүзеге асыру үшін ақша алушының деректемелерін беру қажет:
- алушы заңды тұлғаның немесе ТАӘ-ның толық атауы мен мекенжайы,
- бенефициардың (ақша алушының) шот нөмірі,
- бенефициар банкінің атауы,
- бенефициар банкінің және делдал банкінің (егер болса) SWIFT коды,
- ақша аударымының мақсаты/мәні;
- қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды (валюталық келісімшарт, инвойс немесе оның негізінде төлем/ақша аударымы жүргізілетін басқа құжат) ұсыну.
Аударымдарды ресей рублімен жіберу үшін, жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа, қосымша келесідей деректемелерді ұсыну қажет:
- бенефициардың ЖСН,
- бенефициар Банктің БСК мен корреспонденттік шоты,
- валюталық операцияның «ВО» коды Ресей Банкінің 2017 жылдың 16 тамызындағы № 181-И «Резиденттердің және бейрезиденттердің уәкілетті банктерге валюталық операцияларды жүргізу кезінде растайтын құжаттар мен ақпараттарды, валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің бірыңғай формалары, оларды ұсынудың тәртібі мен мерзімдері туралы» Нұсқаулықтың 1-Қосымшасына сәйкес.
РФ бюджетіне төлемдердің реквизиттерін толтыру кезінде РФ ОБ-нің 03.03.2003 жылғы № 1256-У «Клиенттердің төлемдері бойынша төлем нұсқаулықтарын рәсімдеуге қойылатын талаптарды өзгерту туралы» нұсқауына сәйкес келесідей қосымша деректемелердің болуы міндетті:
- ЕҚК (есепке қою коды),
- бенефициардың дербес шоты,
- МҚАБРЖ (муниципалдық құрылымдардың аумақтарын бүкіл ресейлік жіктеуіші) – 11 таңбадан тұрады,
- БСК (бюджеттік сыныптама коды) – 20 таңбадан тұрады.
Басқа банктен аударымдарды алу үшін сіздің ақша жіберушіге өзіңіздің банктік деректемелеріңізді беруіңіз қажет:
қазақстандық теңгемен аударымдар үшін:
- тегі, аты, әкесінің аты,
- шоттың нөмірі (ЖСК),
- ЖСН нөмірі,
- бенефициар банкінің деректемелері: «Нұрбанк» АҚ, БСК: NURSKZKX.
шетел валютасындағы аударымдар үшін:
- тегі, аты, әкесінің аты,
- шоттың нөмірі (ЖСК).
бенефициар банкінің деректемелері:
- SWIFT CODE: NURSKZKX
- NURBANK JSC
- ALMATY KAZAKHSTAN
аударым валютасына сәйкес делдал банктің деректемелері:
Аударым валютасы |
Делдал банк |
бенефициар банкінің деректемелері |
USD/АҚШ доллары |
The Bank of New York Mellon |
к/ш 8900514833 SWIFT: IRVTUS3N |
Commerzbank AG |
к/ш 400887061000 SWIFT: COBADEFF |
|
EUR/Еуро |
Commerzbank AG |
к/ш 400887061000 SWIFT: COBADEFF |
CNY/Қытай юані |
«Қазақстандағы Қытай Банкі» АҚ ЕБ |
SWIFT: BKCHKZKA BIN 930440000156 к/ш KZ589139884902010CNY |
CHF/Швейцар франктері |
Commerzbank AG |
к/ш 400887061000 SWIFT: COBADEFF |
AED/ Б.А.Ә. Дирхамдары |
Mashreqbank PSC, Dubai, UAE |
к/ш 019030000911 SWIFT: BOMLAEAD |
Банктік шот ашпай төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша келісімшарттың үлгі формасы (жүктеу .pdf)
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)