Юнистрим
«Нұрбанк» АҚ Юнистрим халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы алыс шетелдерге, ТМД-ға, РФ-ға төмен тарифтерге сәйкес ақшалай қаражатты аудару бойынша қызметтер ұсынады.
Юнистрим аударымдары — банкте шот ашусыз жеке тұлғалар арасында орындалатын ақша аударымдары.
Артықшылықтары:
- Құны төмен;
- Рәсімдеу қарапайымдылығы. Аударымды жіберу үшін ақша аударымын жіберуші мен алушыдан банктік шот ашу талап етілмейді. Банк менеджері сізге аударымды рәсімдеу бойынша барлық әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі;
- Комиссиясыз алу. Аударымды алушыға ешқандай шығын келтірілмейді;
- Қауіпсіздік және сенімділік.
Аударым валютасы: ресей рубльдері және қазақстандық теңге.
Аударым жіберілген күннен бастап 31 күн ішінде алынуға қол жетімді.
Комиссия Unistream тарифтеріне сәйкес алынады.
Аударым жіберу кезінде сізге келесілер қажет:
- банк менеджеріне жүгіну,
- алушыға аударым беретін елді, немесе ел мен қаланы менеджерге хабарлау (аударымда мекенжай болмаған жағдайда),
- алушыға аударым беретін елді, қаланы және банкті менеджерге хабарлау (аударым нақты жерде берілетін жағдайда),
- ЖСН бар (резиденттер үшін) клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес КЖТҚҚІҚ бойынша басқа құжаттарды беру,
- банктің менеджері сізге құжаттарды толтыруға көмектеседі және ақша аударымына бірегей нөмірін береді,
- аударым мен аударым үшін комиссия сомасын банк кассасына салу,
- алушыға аударым нөмірін, соманы, қажет болған кезде ақша алатын банктің мекенжайын хабарлау.
Аударым алу үшін сізге келесілер қажет:
- жіберушіден аударым туралы ақпарат алу:
— аударым нөмірі
— аударым сомасы
— сіздің атыңызға жіберілген қаржыны беретін банктің мекенжайы (егер аударым мекенжай көрсетіліп жіберілген болса), - ЖСН бар (резиденттер үшін) клиенттің жеке басын куәландыратын құжатпен, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес КЖТҚҚІҚ бойынша басқа құжаттармен банкке жүгіну,
- жіберілген соманы алу.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда сіз банктің жақын жердегі бөлімшесіне немесе 8 (727) 250-00-00 телефоны немесе 2552 мобильді телефоны арқылы Банктің байланыс орталығына хабарласуыңызға болады.
Құрметті Клиенттер!
«Нұрбанк» АҚ Unistream, Contact және т.б. ақша аударымдарының халықаралық жүйесін қолданумен байланысты алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігін ескертеді. Төменде алаяқтықтың кең таралған әдістерінің тізімі берілген.
1. Жазатайым оқиға. Белгісіз біреу қоңырау шалып, туысыңыз немесе танысыңыз жазатайым оқиғаға ұшырағандығы туралы хабарлайды. Осыған байланысты осы туысқа немесе танысыңызға шұғыл түрде ақша аударуды сұрайды. Әдетте, алаяқтар ақша аударымы үшін ұялы телефон нөмірін көрсетеді және ақша аударымы жақын төлем терминалдары арқылы жүргізілуі мүмкін екендігі туралы хабарлайды. Егер сіз жоғарыда көрсетілген ақпаратты алған болсаңыз, туыстарыңызға немесе таныстарыңызға тікелей хабарласып, алынған ақпаратты тексеруге кеңес береміз. Егер байланыс мүмкін болмаса, қоңырау шалушыдан оқиға орнын нақтылап, оның телефон нөмірін жазыңыз. Оқиға фактісін ішкі істер органдарының сенім телефонына қоңырау шалу арқылы тексеруге болады. Егер ақша алаяқтарға аударылған болса, ішкі істер органдарына жүгіну қажет.
2. Ақша аударымын жіберу жөнінде өтініші бар қоңырау немесе SMS хабарлама. Ұялы байланыс операторларының абоненттеріне белгісіз тұлға өзін танымал компанияның қызметкері ретінде қоңырау шалып (немесе SMS хабарлама жіберілгенде), абоненттен ақша аударымдары жүйелері (Unistream, Contact және т.б.) бойынша ақша аудару арқылы алаяқтардың шотын толтыруға бағытталған бірқатар әрекеттерді жасауды сұрайтын қоңырау немесе SMS хабарлама алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі болып табылады. Мұндай жағдайларда сізге белгісіз біреудің нұсқауларын орындамауға және байланысқан компанияның ресми нөміріне қоңырау шалу арқылы ақпаратты дербес тексеруге кеңес береміз (компанияның телефон нөмірін компанияның ресми сайтында білуге болады).
3. Белгісіз адамдарға қызметтер мен тауарларға ақы төлеу. Көбінесе өте арзан бағамен және өте тиімді шарттармен автомобиль, электронды және басқа жабдық сатып алғысы келетін азаматтар алданады. Алаяқтар Интернеттегі әртүрлі сайттарда тауарларды сатуға арналған жарнамаларды жариялайды, содан кейін әлеуетті сатып алушымен электрондық пошта арқылы хат-хабарға кіреді, ақша аударымдары жүйесін пайдаланып (әдетте Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан банктерге) ақшаны кепілақы ретінде (алдын ала төлем) аударуды сұрайды. Бұл ретте, алаяқтар «мәміленің тазалығын» жасай отырып, сатып алушыдан тауарды алғанға дейін аударымның бақылау нөмірін бермеуін сұрайды, алайда олар аударымның бақылау нөмірін жасырып, түбіртектің сканерленген көшірмесін (кассалық құжат) жіберуді талап етеді. Осылайша, алаяқтар аударымның егжей-тегжейлері туралы ақпарат, содан кейін жалған құжаттар арқылы - ақшаны алады.
Осыған байланысты ұсынамыз:
1) Белгісіз адамдарға ақша аударымдарын жасамауды немесе тауарлар мен қызметтерді оларды алғанға дейін төлемеуді.
2) Ақша аударымының бақылау нөмірін немесе ақша аударымы туралы қандай болса да ақпаратты сіз жеке басына куәланған алушыдан басқа ешкімге жария етпеуді.
3) Алушының жалған есімін пайдаланып ақша жібермеуді.
4) Нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен немесе сатушы үшін өте тиімсіз шарттармен автомобильдерді, электронды және тұрмыстық техниканы сату немесе қызмет көрсету туралы хабарламаларға күмәндануды және жете тексеруді.
5) Интернеттен ұқсас сатылымдар мен сатып алулар туралы ақпаратты тексеруді.
Егер сізде немесе сіздің туыстарыңызда немесе таныстарыңызда жоғарыда аталған немесе ұқсас жағдайлар орын алса, бірден ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жүгінуіңіз қажет.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.