800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

«Open24» Интернет-банкингі

«Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесі қашықтан банктік қызмет көрсету – Интернет арқылы шоттарды алыстан басқарудың арнайы жүйесі, соның арқасында Сіз, ешкімнің көменгінсіз көптеген банктік операцияларды атқара аласыз және Интернетке қосылған компьютер бар жерден өзіңізге қажетті барлық ақпарат ала аласыз.

«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингтің мүмкіндіктері:

  • Баланс және шоттар мен депозиттердің жағдайы туралы анықтамалы ақпарат алу.
  • Банктің бөлімдеріндегіге қарағанда, азат деректемелерге, тиімдірек тарифтармен қаражат аудару.
  • Қызметтер, соның ішінде ұялы байланыс, коммуналдық, Интернет-провайдер қызметтері үшін төлем жасау ыңғайлы.
  • Салықтар, айыппұлдар бюджетке төленуі тиіс басқа да төлемдерді төлеу.
  • Барлық депозиттерді толықтыру.
  • Мерзімді төлемдерге арналған өз үлгіңізді пайдалану.
  • Интернет арқылы әлемнің кез келген жерінен төлем жасау.
  • Тауарлар, соның ішінде Интернет-дүкеннен алынған тауарлар үшін шоттарға қаражат аудару.
  • Пластик карталардың шотынан ақша қаражатын алу/толықтыру.
  • Осы уақыт режимінде шотқа түскен төлемдер туралы ақпарат алу.
  • Тегін және рұқсатсыз кіруден қорғалған сервис.

«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингтің артықшылықтары:

Уақыт пен ресурстарды үнемдеу

  • Жүйе белгілі бір жерге немесе нақты бір копьютерге тәуелді болмайды. Бұдан былай Сіз Банкке, офистегі немесе үйдегі компьютерге тәуелді емессіз, жер шарының кез келген нүктесінен, кез келген уақытта өз шоттарыңызда жұмыс істей бересіз.
  • Банктік интернет-қызмет клиенттер үшін ғана ыңғайлы емес, оның арқасында банк клиенттерге жоғарғы дәрежеде қызмет көрсетуі үшін кейбір филиалдарын 24 сағат бойына ашық ұстау қажет деген мәселеден құтылады.

Ыңғайлылығы

  • Клиент банкке келместен, кез келген уақытта өзінің банктік шоттарын өзі басқаруына мүмкіндік алады.
  • Ағымдағы немесе карта шотынан басқа ағымдағы, карта немесе депозит шоттарына банкішілік және банктер аралық аударма операцияларын жасауға болады. Өз шотыңа да, басқа да жеке және заңды тұлғалардың шоттарына ақша аударуға болады.
  • Банкке бармай-ақ, кредит бойынша берешекті төлей аласыз.
  • Әлемнің кез келген жерінен, кез келген компьютерден жұмыс істеу мүмкіндігі.

Қауіпсіздік

  • Жасалған операциялар туралы ақпаратты жоғалып кету тәуекелін азайту: барлық мәліметтер банктің серверінде сақталады.
  •  «Open24/Nurbank24» Интернет-банкингі Сіздің компьютер мен Банк арасында сенімді, қорғалған байланыс орнатуға мүмкіндік беретін  SSL (Secure Sockets Layer) қауіпсіз қосылудың арнайы хаттамасымен қорғалып, ақпараттарды алып қою істерінің жолын мүлдем кесіп тастады.
  • «Open24/Nurbank24» Интернет-банкингінде жұмыс істеген кезде, Mobipass сеанс кілті генерациясының технологиясы қолданылады.  

«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингте жұмыс істеу үшін төмендегілер қажет:

  • Клиенттің осы кездегі немесе келешектегі клиенті болуы.
  • Банктің кез келген Бөлімінде Банк пен клиент арасындағы «Open24/Nurbank24» жүйесіне қосылу туралы келісімшарт жасауы.
  • Төлем карточкасы немесе Банкте ағымдағы шоттың болуы осы қызметтің көрсетілуіне қажетті міндетті шарттардың бірі.

«Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг қызметін қалай қосуға болады

  •  «Нұрбанк» АҚ-ның VISA немесе MasterCard банктік картасын алыңыз.
  • Жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып, Банктің кез келген бөліміне келіңіз де, «Open24/Nurbank24» сервисіне қосылуды рәсімдеңіз.

Онлайн түрінде шотқа кіру мүмкіндігіңіз болса, қарапайым банктік операциялар жүргізу үшін банктің офисіне барудың қажеті жоқ, яғни кезекке тұрып, түбіртек толтырып, уақыт жоғалтпайсыз. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкингтегі барлық операцияларды үйдегі компьютерден, ал егер сапарда жүрсеңіз, ноутбуктен немесе үнемі қолыңызда жүретін ұялы телефоннан жасай аласыз. Интернет-банкинг клиенттер үшін тәулігіне 24 сағатқа, аптасына жеті күнде қол жетімді.  

Интернет-банкинг жүйесі жеке қаржыларды басқару кезінде жоғарғы дәрежелі құпиялықты ұсынады. Жүйеге кіру үшін пайдаланушының ерекше логині мен құпиясөзін енгізу қажет.