Жеке тұлғалардың шоттарымен операциялар
«Нұрбанк» АҚ шот бойынша мынадай операциялар жүргізеді және оған қызмет көрсетумен байланысты банктік қызметтер көрсетеді:
- Клиенттің шотына оның басқа шоттарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттерінің шоттарынан қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз түрде теңгемен және/немесе шетел валютасымен келіп түсетін ақшаны шотқа қосып қояды;
- Клиенттің шотынан клиенттің тапсыруымен оның басқа шоттарына, не болмаса Қазақстан Республикасы резиденттерінің немесе бейрезиденттерінің басқа шоттарына теңгемен және/немесе шетел валютасымен төлемдер және ақша аударулар жүргізеді. Клиенттің шотынан төлемдер және ақша аударулар тек қана оның тапсыруымен, не болмаса клиенттің нотариус куәландырған тиісті сенімхаты болған жағдайда үшінші тұлғаның тапсыруымен жүргізіледі;
- Клиентке шоттан теңгемен және/немесе шетел валютасымен қолма-қол ақша береді. Үшінші тұлғаларға — ҚР резиденттеріне және бейрезиденттеріне теңгемен және/немесе шетел валютасымен қолма-қол ақша тек клиенттің нотариус куәландырған тиісті сенімхаты болған жағдайда ғана беріледі;
- Клиенттің шоты бойынша барлық шығындық операцияларды банк шоттағы сома көлемінде жүргізеді;
- Клиенттің талабы бойынша шот бойынша үзінді көшірмелер беру;
- Клиенттің өтініші бойынша шотқа қатысты анықтамалар, оның ішінде — телекстік хабарламалар, шоттан аударулар туралы растау қағаздар беру;
- Клиенттің өтініші бойынша, банктің шегінде және одан тыс жерде осы келісімшарттың шеңберінде операциялар жүргізу мәселелері бойынша анықтамалар алу;
- Клиенттің өтінішіне сәйкес оның шотында бар сома көлемінде қолма-қол және қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу/сату операцияларын жүргізу.
Шоттармен операциялар үшін комиссиялық сыйақы бекітілген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
«Нұрбанк» АҚ сіздерге, «Нұрбанк» АҚ Басқармасы бекіткен (28.12.2018 жылғы № 102 хаттама) өзгертулері мен толықтыруларымен, «Нұрбанк» АҚ Басқармасы бекіткен (26.04.2019 жылғы № 33 хаттама) өзгертулерімен, «Нұрбанк» АҚ Басқармасы бекіткен (№ 50 хаттама 02.06.2021 жылғы № 50 хаттама) өзгертулерімен, «Нұрбанк» АҚ Басқармасы бекіткен (01.10.2021 жылғы № 89 хаттама) өзгертулерімен, «Нұрбанк» АҚ Басқармасы бекіткен (№ 49 хаттама 12.06.2023 жылғы № 49 хаттама) өзгертулерімен, Жеке тұлғалардың «Нұрбанк» АҚ-тағы банктік ағымдағы және (немесе) ақша жинақ шоты келісімшартына (бұдан былай – Келісімшарт) өзгертулер енгізгені жайлы хабарлайды.
Нұрбанк» АҚ-дағы жеке тұлғаның ағымдағы банктік және (немесе) жинақ шоты туралы келісімшарт (жүктеу .pdf)
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)