800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Ресей рублімен төлемдер жасайтын клиенттердің есіне

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Нұрбанк» АҚ біздің банкпен әріптестіктеріңіз үшін Сіздерге алғысын білдіреді!

«Нұрбанк» АҚ Ресей Федерациясының валюталық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты, 2004 жылдың 2 тамызынан бастап ресей рубілінде аударулар жүргізген кезде, ресей рубілінде «Ақша аударуға өтінішті» толтырғанда Сіз 70-жолда Төлем мақсатында — «Валюталық операция түрінің кодын» көрсетуіңіз керектігіне Сіздердің назарларыңызды аударады..

Мұнда мына төмендегілерге назарларыңызды аударамыз:
«Валюталық операция түрінің коды» жақшаның ішінде көрсетіледі,
Код жеті символдан тұрады. Олардың алғашқы екеуі (1,2) — әріптік — VO (латин алфавиті) — өзгеріссіз қолданылады, кейінгілері (3…7) — сандық.
*Тек қана электронды клиенттер үшін* — Жақшаның ішінде ашық жер (бос орын) қалдыруға болмайды!

Мысалға:

(VO13010) ОПЛАТА ЗА МАСЛА ТЕХНИЧЕСКИЕ ДОГ М-325
ОТ 040218 СЧ.332 ОТ 040223

Валюталық операция түрі дұрыс көрсетілмеген немесе мүлде көрсетілмеген аударулар ресейлік банктер тарапынан өңдеуге және төлеуге алынбайды. Осыған орай Сіздерге: Өздеріңіздің ресейлік әріптестеріңізден осы аталған кодттарды сұрап білуге, «Өкілетті банктер клиенттерінің валюталық операцияларының тізімдемесін» пайдалануға кеңес береміз. Ресей Банкінің 17 маусым 2004 жылғы № 117-И «Резиденттер мен резидент еместердің валюталық операциялар жүргізгенде құжаттар мен ақпараттар беру тәртібі, өкілетті банктердің валюталық операцияларды есепке алу және валюталық мәмілелерді рәсімдеу тәртібі туралы» атты Нұсқаулығына 2-Қосымша.

«Валюталық операция түрінің кодының» дұрыс көрсетілуі үшін жауапкершілік клиентке жүктеледі.