800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

«SMS-хабарлама» қызметіне қосылыңыз да, өз шотыңыздағы барлық кіріс пен шығысты бақылауға алыңыз

«SMS-хабарлама» қызметі көмегімен сіз шотқа түскен және алынған сома туралы ақпараттарды жедел ала аласыз. Шотта жасалған операциялар туралы ақпараттар SMS-хабарлама түрінде сіздің ұялы телефоныңызға жіберіледі.

SMS-хабарлама шотты жеңіл басқаруға мүмкіндік береді:

  • Карта шотындағы кіріс, шығыс операцияларының әрқайсысы және қол жетімді баланстың өзгерісі туралы SMS-хабарлама ала отырып, сіз есеп шотыңызды толықтай бақылауға аласыз.
  • SMS-ті қабылдай алатын кез келген құрылғыға хабарлама келе береді.

Орындалған операция туралы ақпаратқа: төлем картасы нөмірінің соңғы төрт цифры, сома, валюта, операция жасалған күн/уақыт/орны мен шоттағы қол жетімді қалдық кіреді.

  • Қызмет ұялы байланыстың барлық операторларымен жұмыс істейді.

Ұялы телефоныңызда роуминг болған жағдайда, сіз шетелде жүрсеңізде қызмет қол жетімді бола береді.

«SMS-хабарлама» қызметіне қосылу шарттары:

  1. «Нұрбанк» АҚ-ның төлем картасының болуы.
  2. ҚР қандайда бір ұялы операторына қосылған ұялы телефонның болуы.

SMS-хабарламаны қосу жеңіл

  1. Қызметке қосылуға өтініш толтырыңыз
  2. Өтінішті «Нұрбанк» АҚ бөліміндегі өзіңіздің жеке менеджеріңізге жіберіңіз

«SMS-хабарлама» қызметін пайдалана отырып, карта шотындағы ақша қаражатын рұқсат етілмеген жолмен пайдалану тәуекелін кәдімгідей азайтасыз.

«SMS-хабарлама» қызметіне қосылу – тегін.

Айсайынғы абоненттік төлемнің бағасын келесі сілтемеден көруге болады: http://www.nurbank.kz/kz/retail/rates/cards