«Charity Music Run»
«Charity Music Run» - бұл салауатты өмір салтын ұстанушыларды, жүгіруді ұнататындар мен әлеуметтік белсенді адамдарды біріктіруге және ақшаға мұқтаж адамдарға көмек беруге бағытталған әлеуметтік-бағдарланған жоба.
Мақсаты - денсаулыққа пайдалы жүгіру мен уақытты белсенді өткізуді біріктіру, онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға қолдан келерлік қайырымдылық көмек көрсету.
2018 жылы жиналған барлық қаражат ҚР Педиатрия және хирургия ғылыми орталығына, душ және кір жуу жайын ұйымдастыруға жұмсалды. Ем-шара алып жатқан балалар 5-6 ай ата-аналарымен бірге онкологиялық бөлімде тұруға мәжбүр. Біз жайларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, солардың өмірін жеңілдетуге тырыстық.