800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Қолөнер көрмесі

Француз Үйінде «Нұрбанк» АҚ ұйымдастыруымен бірегей көрме ашылды. Банк ұзақ жылдардан бері қолөнер бұйымдарының коллекцияларын жинап келген болатын, міне енді Алматы тұрғындары мен оның қонақтарының тарихи жәдігерлерді өз көздерімен көруге мүмкіндіктері бар.

Коллекция құрамына: 18-20 ғасырлардағы зергерлік әшекейлер, 20-ғасыр басындағы қолдан тоқылған кілемдер, 19-20 ғасырларда тұрмыста қолданылған құмыралар, құмғандар, мыс пен латуннен жасалған самаурындар, суық қарулар, ат әбзелдері және тағы басқа жәдігерлер кіреді. Тұрмыс бұйымдарының арасындағы ең көне жәдігер – 1748 жылғы өлшеу саптаяғы, ең ерекшесі – Абылай ханның өзі пайдаланған, рубин көзі бар күміс тіс тазалағыш-құлық тазалағыш.