Өмірге жолдама
2014 жылы «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасы бастау алды және 2015 жылы банк секторындағы бизнес-құрылымдар мен «Жүректен-жүрекке» республикалық ұйымдардың арасындағы конкурс аясында Алматы қаласының ең үздік әлеуметтік-қайырымдылық жоба ретінде танылды. Конкурсты Қазақстан Республикасының Президенті қасындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған болатын.
Бағдарлама аясында Банк балалар мекемелерінің түлектеріне Алматы қ. Каспий қоғамдық университетінде жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Оқу, тұру, тамақтану, жол жүріс, ай сайынғы шәкіртақы және т.б. барлық шығындарды Банк өзіне алған. Сонымен қатар бағдарлама бойынша студенттер келешекте еңбекпен 100% қамтылады.
Қолдау көрсету әлі де жалғасып жатыр және университетті тәмамдағаннан кейін: түлектер Банктің көптеген өңірлік бөлімшелеріне немесе оның үлестес компанияларына жұмысқа орналастырылады. 2022 - 2023 жылы «Өмірге жолдама» жобасы бойынша Каспий қоғамдық университетінде 1-ші курстан 4-ші курсқа дейін 27 студенттер білім алып жатыр. Жоба ашылған кезден бастап бағдарлама бойынша 63-тен астам балғын аталған жоғары оқу орынына түсті. Біз жыл сайын бағдарлама бойынша абитуриенттер санын жоспарлы түрде арттырып келеміз.
Жобаға қатысу үшін PR Қоғаммен бөліміне хабарласыңыз:
e-mail: media@nurbank.kz
тел. 8 (727) 259 -97-10, ішкі нөм. 5465
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 11 сыныпта немесе колледжің соңғы курсында оқитын, 16-19 жас аралығындағы азаматтары қатыстырылады.
Бағдарламаға қатысу туралы құжаттар жыл сайын 20-нан 30-шы сәуірге дейін «Нұрбанк» АҚ Жарнама және жұртшылықпен байланыс басқармасы Жұртшылықпен байланыс бөлімі электрондық адресіне қабылданады: media@nurbank.kz.
Бір хатта келесідей құжаттардың көшірмелері де болуы тиіс:
- Жеке куәлік, туу туралы куәлік;
- Жетім мәртебесінің растамасы (ата-ана құқығын айыру туралы сот шешімі, ата-анасының өлімі туралы куәлік және т.б.);
- Әкімдіктің балалар үйіне белгілеу туралы қаулысы;
- Мектептердің 11 сыныптары үшін – негізгі орта білімі туралы куәлік және соның бағалар туралы қосымшасы, колледждер үшін – ағымдағы бағалары көрсетілген транскрипт немесе оқу мекемесінің атынан үміткердің үлгерімі туралы хат;
- Жастар үйі/Балалар үйі/колледж/мектеп берген үміткер туралы мінездеме.
- Мектептердің 11 сыныптары үшін – 20 маусымнан 15 шілдеге дейін ҰБТ нәтижесін жоба жетекшісінің электрондық адресіне жіберу қажет. Колледж түлектері үшін – жыл сайын 1 маусымнан 20 маусымға дейінгі кезеңде Каспий қоғамдық университетіне КТ (ТжКБ) тапсыру туралы өтініш жазу және 15 шілдеге дейін КТ (ТжКБ) сертификатын әкеп өткізу қажет.
Балалар үйлерінің түлектері біліп алып, 100% жұмысқа тұра алады.
Балалар үйінде тәрбиеленген жігіт ірі банкке қалай жұмысқа тұрғанын әңгімелеп берді.
Өмірге жолдама бейнероликтері.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.