Жылулық беру уақыты
Бұл жетім балалар мен әке-шешесінің қамқорлығынан айырылған балаларды қорғауға арналған жыл сайынғы акция. Акция әрдайым өңірлерде өткізіледі, «Нұрбанк» АҚ-ның барлық филиалдары ата-анасының қамқорлығынан айырылған, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балаларға қарайтын, бағатын және тәрбиелейтін балалар мекемелеріне көмек көрсетеді. Қаржылық көмек көрсетумен қатара, банк қызметкерлері балаларға шынай мереке сыйлауға, балаларға қамқорлық жасауға және көңіл бөлуге тырысады. Жақсылық жасау оңай – ол көмек пен қолдау күтіп отырғандарға жарық шашады.