«Нұрбанк» АҚ ашық тендер
2.04.2021
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ келесі екі лот бойынша Oracle техникалық қолдаудың серверлік жабдықтары мен лицензияларына қол жеткізу қызметтерін жеткізушіні таңдайтыны жөнінде ашық тендер өткізетіні туралы жариялайды:
- №1ЛОТ – 1,3,5 жыл бойына Oracle Database EE лицензиясына арналған техникалық қолдау;
- №2ЛОТ - 1,3,5 жыл бойына Oracle S7-2, Oracle S7-2L, Oracle T8-2 серверлік жабдықтарды (кепілдікті міндеттемені ұзартуды қоса) техникалық қолдау,
және де әлеуетті жеткізушілерді 15.04.2021ж., сағат 14:30-да, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ., 10В мекенжайда орналасқан «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін тендерге қатысуға шақырамыз.
Тендердің түрі: ашық:
Тендердің басталуы: 15.04.2021ж., сағат 14:30-да, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ., 10В, 3-ші қабат, 310 үлкен конференц зал;
Сауда-саттық аяқталуы: сағат 16:30-да;
Құжаттар топтамасы мен ұсыныстар 14.04.2021ж., сағат 12:00-ге дейін, Алматы қ., 10 В, 204-ші кабинетте (кеңсе) қабылданады.
Тендерге келесідей критерийлерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:
- №4 Қосымшадағы №1 және №2 лоттар Іріктеу критерийлері
Техникалық айырықшамалар:
- №1 Қосымшадағы №1 және №2 лоттар орыс тіліндегі Oracle ТА және ТҚ-да көрсетілген.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын:
1-ші топтама: Заң құжаттамасы
1) осы хаттың 5-Қосымшасына сәйкес бекітілген үлгіде, қазақ/орыс тілдеріндегі тендерге қатысуға берілетін өтінімін;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін;
4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын тапсыру керек;
2-ші топтама: Қаржы құжаттамасы
1) қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын;
2) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының көшірмелерін;
3) үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын;
4) жеткізушімен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін уақтылы және толық орындауға берген бағасы (бар болса) көрсетілуі тиіс;
5) материалдық-техникалық базасы туралы мәліметті;
6) баға ұсынысын;
7) Келісімшарт бойынша тауарды жеткізген кезде «Нұрбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасын
3-ші топтама: Басқа құжаттама
- Лицензиялы Oracle БЖ техникалық қолдауды ұзарту қызметін көрсетуге «ORACLE» компаниясы берген авторланған хат;
- Лицензиялы Oracle серверлік жабдығын техникалық қолдауды ұзарту қызметін көрсетуге «ORACLE» компаниясы берген авторланған хат
- Әлеуетті жеткізуші Oracle Компаниясы алдында борышты еместігі жөніндегі хатты тапсыруы керек
- Қызметтерді жеткізуші Oracle СУДБ өнімдері бойынша сертификаттары бар мамандарының (мамандардың сертификаттарының көшірмелері) саны туралы мәлімет;
- Қызметтердің тізімі, реті және көрсету мерзімі.
Банктің Тендерлік комиссиясының тендерлік өтінімді бағалауға, салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімді бағалауға, салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаларға ашыға құқығы жоқ екендігін қаперлеріңізге саламыз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өтпейтіні немесе болатын күнін көрсетіп, кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша түрде хабарлап, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.
Тендерлік құжаттаманы тапсырудың соңғы мерзімі: 2021 жылдың «14» сәуір сағат 12:00.
Байланыс орнататын тұлғалар:
Заң және қаржы құжаттамаларының топтамасын жасақтау жөніндегі сұрақтармен Картакова Индираға: Тел. 2 500000 ішкі 5385 IKartakova@nurbank.kz
хабарласу керек.
Техникалық тапсырманың басқа құжаттамалар топтамасын жасақтау жөніндегі сұрақтармен Ли Евгенийге
Жұмыс телефоны 8(727) 2 500 000 ішкі 4545 Evgeny.Lee @nurbank.kz.
хабарласу керек.
№1 Қосымша. Техникалық айрықшама (скачать. doc, 25 КБ)
№2 Қосымша. Таңдау өлшемі (скачать. xlsx, 44 КБ)
№3 Қосымша. Өтінім (скачать. xls, 31 КБ)