«Нұрбанк» АҚ ашық тендер
22.02.2021
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ Бас банкке арналған құтқару-шлангі жиналмалы құрылғыларын (УСР-С) орнатуға ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды.
Конкурстың нәтижесі бойынша жақсы ұсыныс жасаған компаниямен жеткізу келісімшарты жасалатын болады.
Осы хабарламаның Қосымшасында талаптар тізімі мен керекті қағаз көлемі көрсетілген файлдар бар.
Тендерді өткізу түрі: ашық
Сауданың басталуы: 2021жылдың 04-наурызы, сағат 14:30-да, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «в» мекенжайда басталады.
Сауданың аяқталуы: 2021жылдың 04-наурызы, сағат 16:00-де, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «в» мекенжайда аяқталады.
Ұсыныстарды жинау: 2021жылдың 02-наурызыы, сағат 18:00-де, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «в» мекенжайда аяқталады.
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
- құтқару жеңі мен УСР-С конструкциялары;
- қоймада тауардың қажетті саны (4 жиынтығы) болуы;
- нысанда УСР-С қондыру;
- қабылдау тестілері;
- УСР-С жобалық құжаттамасын әзірлеу;
- «Нұрбанк» АҚ-та шот ашу;
- кәсіби біліктігі мен жұмыс тәжірибесі, қызмет көрсету туралы келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс;
- төлемге қабілетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте таратуға жатпауға, оның мүлкіне тыйым салынбауы, қаржы-шаруашылық ісі тоқтатылмаған болуы тиіс;
тендерге қатысу үшін келесідей құжаттардың топтамасын тапсыру қажет:
1-ші топтама: Заңдық құжаттама
1) тендерге қатысу өтінімі;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесі;
4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын тапсыру қажет;
2-ші топтама: Қаржы құжаттамасы
1) қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасы;
2) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының көшірмелері;
3) үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
4) жеткізушімен бұдан бұрын әріптес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерді толық және уақытылы орындауын және басқаларын (болған жағдайда) қоса ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағасы мен сипаттамасы қамтылған ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері;
5) материалдық-техникалық базасы туралы мәліметі;
6) Баға ұсыныстары;
7) Өткізілетін Тендердің алдындағы 2 (екі) жылдың Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдынғы екі жылда салық есебінде шығын болған кезде қатысушыға ол ұсынған тауар/қызметтердің (халықаралық іскерлік операциялардың мәні болып табылатын сатып алынатын тауар/жұмыс/қызметтер бойынша) бағаларының негіздемесін беру қажет.
3-ші топтама: Басқа құжаттама
1) тауардың сипаттамасы, жеткізу шарты, мерзімі.
2) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге кеткен шығыстарын өзі көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстарға тендер өткізу сипаттамасы мен нәтижелеріне қарамастан жауапты емес және де өзіне міндеттеме алмайды.
Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Байланыс орнатуға болатын тұлға:
- баға ұсыныстары мен құжаттар топтамасына қатысты сұрақтармен
8 (7272) 599-710 ішкі 5670 телефондары;
- +7 7017212361;
- e-mail: Nzhumabayeva@nurbank.kz Н.Н. Жұмабаеваға хабарласу керек
№1 Қосымша. Техникалық айрықшама (.doc)
№2 Қосымша. Өтінім (.doc)