«Нұрбанк» АҚ ашық тендері
6.01.2021
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ көшіргі-көбейткіш техникаға арналған шығыс материалдары мен «Нұрбанк» АҚ-та көшіргі-көбейткіш техникаларына қызмет көрсету көрсетілімдерін жеткізушісін таңдайтыны жөнінде ашық тендер өткізетіні туралы жариялайды және оған қатысуға әлеуетті жеткізушілерді шақырады:
Тендердің түрі: ашық:
Тендердің басталуы: 21.01.2021ж., сағат 14:30-да, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ., 10В, 3-ші қабат, 310 үлкен конференц зал;
Сауда-саттық аяқталуы: сағат 16:30-да;
Құжаттар топтамасы мен ұсыныстар 20.01.2021ж., сағат 12:00-ге дейін, Алматы қ., 10 В, 204-ші кабинетте (кеңсе) қабылданады.
Сатып алынатын тауарлардың/қызметтердің атауы №1 Қосымшасында көрсетілген.
Тендерге №2 Қосымшада көрсетілген критерийлерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады
Тендерге қатысу үшін келесі жеткізуші өтінімге электрондық түрдегі келесі құжаттар топтамасын тіркеуі керек:
Заң құжаттамасы
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
2) Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін;
Қаржы құжаттамасы
1) қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын;
2) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін;
3) жеткізушінің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын;
4) Тендер өткізу алдындағы 2 (екі) жылдың корпоративтік табыс салығы бойынша мағлұмдамасын беруі керек. Алдынғы екі жылда салық есебінде шығындар болған кезде қатысушы (келешекте халықаралық іскерлік операциялардың мәнісі болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) ұсынылатын тауардың/қызметтің уәжді бағасын ұсынуы керек.
Өзге құжаттар
1) жеткізушімен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін уақтылы және толық орындалуына берген бағасы (бар болса) көрсетілуі тиіс;
2) Жеткізуші осы тендерге қоса беруге қажет деп тапқан басқа құжаттама.
Келісімшартқа отыратын кезде Банкке келесідей құжаттарды тапсыру қажет болады:
- заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, бірінші басшысының атына шығарған Бұйрықтың, (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
- қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын;
- жеткізушінің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын;
Тендерлік өтінімді дайындау және оны беруге байланысты барлық шығыстарды әлеуетті жеткізуші өзі өтейді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендерді өткізу сипаттамасы мен нәтижелеріне қарамастан ол шығыстар бойынша жауапты және міндетті емес.
Банктің Тендерлік комиссиясының тендерлік өтінімді бағалауға, салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімді бағалауға, салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаларға немесе әлеуетті жеткізушіге ашуға құқығы жоқ екендігін қаперлеріңізге саламыз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өтпейтіні немесе болатын күнін көрсетіп, кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша түрде хабарлап, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Байланыс орнататын тұлғалар:
Заң және қаржы құжаттамаларының топтамасын жасақтау жөніндегі сұрақтармен Индира Картаковаға:
Тел. +7 (727) 2500000, ішкі 5385, IKartakova@nurbank.kz
Техникалық тапсырманың басқа құжаттамалар топтамасын жасақтау жөніндегі сұрақтармен Сейтжан Ғазымжанов пен Сабит Оспанбаевқа:
Тел.+7 (727) 2 599 710, ішкі 4661, 4000
sgazymzhanov@nurbank.kz, sospanbayev@nurbank.kz хабарласуға болады.
Қосымша №1. Техникалық айрықшама (скачать. xls, 19 КБ)
Қосымша №2. Жеткізушілерге қойылатын талаптар (скачать. doc, 23 КБ)
Қосымша №3. Өтінім (скачать. doc, 31 КБ)