АО «Нурбанк» кассалық операциялары | Төлемдер, аударымдар және қолма-қол ақша беру

Кассалық операциялар

Кассалық операциялар

Сізге шот бойынша келесі операциялар қол жетімді:

  1. Теңге және/немесе шетел валютасында шотқа қолма-қол немесе қолма-қол емес түрде клиенттің басқа шоттарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместерінің шоттарынан ақшаның түсуі.
  2. Клиенттің өзге шоттарына, немесе Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместерінің шоттарына клиенттің нұсқауы бойынша клиенттің шотынан теңгеде және/немесе шетел валютасында төлемдер мен аударымдарды жүргізу. Клиенттің шотынан ақшалай төлемдер мен аударымдар тек қана клиенттің тапсырысы бойынша, немесе нотариалды куәландырылған клиенттің сенімхатына сәйкес үшінші тараптың тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
  3. Клиентке теңгеде және/немесе шетел валютасында шоттан қолма-қол ақша беру. Үшінші тұлғаларға - Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резидент еместеріне шоттан теңгеде және/немесе шетел валютасында қолма-қол ақша тек клиенттің нотариалды куәландырылған сенімхатына сәйкес беріледі.
  4. Шотта бар сома шегінде клиенттің шоты бойынша барлық шығыс операцияларын орындау.
  5. Талап бойынша клиентке шот бойынша үзінді беру.
  6. Клиенттің өтініші бойынша, соның ішінде шоттан аударымдарды растаулар, телекс хабарламалары мен анықтамалар беру.
  7. Клиенттің өтініші бойынша, банктің аумағында және одан тыс операциялар жүргізу мәселелері бойынша анықтамалар беру.
  8. Клиенттің өтініші бойынша, шотта бар сома шегінде қолма-қол және қолма-қол емес валютаны сатып алу/сату операцияларын жүргізу.