1

Visa Business

Іскер адамдарға арналған корпоративтік өнім
Visa Business

Артықшылықтары

Шоттарға тәулік бойы қол жетімділік

Корпоративтік карта кімге арналған

  1. Заңды тұлғалар
  2. «Нурбанк» АҚ жалақы жобаларына қатысушы мемлекеттік мекемелер
  3. Банктің корпоративтік клиенттері

Мақсаттар

Қызметкерлердің іссапарымен байланысты шығындарды қолма-қол ақшасыз төлеу
Заңды тұлғаның негізгі қызметімен байланысты қолма-қол ақшасыз операциялар
Кедендік бекеттерде орнатылған POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшасыз кедендік төлемдер
Өкілеттік шығындарды қолма-қол ақшасыз төлеу
ҚР аумағында есеп айырысу үшін банкомат арқылы теңгеде қолма-қол ақша шығару
Іссапар шығындарын төлеу үшін ҚР-дан тыс жерлерде шетел валютасын алу

Консультация алу

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрбанк бизнеске арналған төлем картасын шығара ма?

Иә, Банк Visa Business корпоративтік картасын шығарады

Visa Business-ті қалай пайдалануға болады?
  • ҚР ішіндегі қызметкерлердің іссапарына байланысты шығындарды қолма-қол ақшасыз теңгемен және шетелдік командировкаларға шетел валютасымен төлеу
  • ҚР аумағындағы заңды тұлғаның негізгі қызметіне байланысты теңгемен қолма-қол ақшасыз операциялар
  • Кедендік баждарды ТП-да орнатылған POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу
  • ҚР аумағындағы өкілдік шығындарын теңгемен және ҚР-дан тыс шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз төлеу
  • ҚР аумағындағы заңды тұлғаның шаруашылық қызметіне байланысты есеп айырысу үшін теңгемен қолма-қол ақшаны алу, сондай-ақ ҚР ішінде қызметкерлердің іссапарының шығындарын төлеу
  • Шетелдік іссапарлардың шығындарын төлеу үшін ҚР-дан тыс шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны алу
Компания қанша корпоративті карта шығара алады?

Корпоративтік Visa Business төлем карталарының саны мен иелері тізімін Ұйымның басшылығы анықтайды, Банк шектеу қоймайды.

Компания үшін корпоративтік төлем карта қалай шығаруға болады?
  • Visa Business корпоративтік төлем картасының ұстаушысы тек құқықты тұлғаның сенімді тұлғасы (Ұйым қызметкері), корпоративтік карта шығару құжаттарында көрсетілген болуы мүмкін.
  • Құқықты тұлғаның сенімді тұлғасы банк бөлімшесіне барып, карта шығару өтінішін беруі қажет.
Корпоративтік карта кімдерге арналған?

Нұрбанктың жалақы жобаларына қатысушы заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелерге, корпоративтік клиенттерге арналған.

Корпоративтік картаны шығару үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
  1. Заңды тұлғаның тіркелу куәлігі
  2. Жарғы
  3. Директорды тағайындау туралы бұйрық/шешім/хаттама
  4. Директордың жеке куәлігі
  5. Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама
Компания қажеттілігі үшін үйдегі интернет, бензин немесе мобильді телефон сияқты сатып алуларды бизнес-картамен төлеуге бола ма?

Иә, бизнес-картамен компания жұмысына қажетті кез келген сатып алуды төлеуге болады. Тек салықтарды төлеу кезінде оларды дұрыс есепке алу маңызды. Бизнес-картамен интернетте тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде, осындай шығындарға да қаражат алушыдан есеп беретін құжаттар — акт, накладная және т.б. қажет екенін есте сақтаңыз.

Басқа банктерге аударымдар жасауға бола ма?

Иә, банктің бөлімшесі арқылы ағымдағы шоттан:

  • BEN (барлық шығындар, соның ішінде "Нурбанк" АҚ аударым төлемінен басқа, бенефициардың есебінен төленеді)
  • OUR (барлық комиссияларды толығымен жіберушінің есебінен төлеу)
  • клиенттің қағаз бетінде берілген жазбаша нұсқауымен