Нур Сенім кредиті Нурбанк АҚ-да | Бизнесті дамытуға арналған жедел кредит

Нұр-Сенім

Жылдам кредит
Нұр-Сенім

Мақсаттар

Айналым қаражатын толықтыру
Инвестициялар
Қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыру
Аванстық төлем кепілдіктерін шығару

Артықшылықтар

Құжаттардың минималды тізімі
Қаржылық талдауды оңайлату
Жылдам шешім қабылдау мерзімдері
Арнайы шарт: бизнес кемінде 12 ай жұмыс істеуі тиіс

Шарттар

Қаржыландыру валютасы

KZT, USD*

Сыйақы мөлшерлемесі

23,75%-дан 25,75%-ға дейін (ЖТСМ 29,4%-дан 29,9%-ға дейін)**

Кредиттеу түрі
  • банктік қарыз
  • қайта жаңартылмайтын кредиттік желі
  • қайта жаңартылатын кредиттік желі
  • аванстық төлемді қайтару кепілдігі
  • келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі
Кредиттеу мерзімі
  • айналым қаражатын толықтыруға – 36 ай
  • инвестициялық мақсаттар үшін - 84 ай
  • кепілдіктің максималды мерзімі - 24 айдан аспайды
Қарыз сомасы

120 000 000 ₸-ға дейін немесе шетел валютасындағы баламасы

Қайтару кестесі

негізгі қарызды өтеу - белгіленген өтеу кестесіне сәйкес (жеңілдік кезең аяқталғаннан кейін) ай сайын жүргізіледі

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі
  • айналым қаражатын толықтыруға — 3 айға дейін
  • инвестициялық мақсаттар үшін — 6 айға дейін
Кредит бойынша комиссиялар

Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес***

Кепіл
  • Коммерциялық және/немесе коммерциялық емес түрдегі жылжымайтын мүлік
  • Ақшаны кепілге қою

* Сәйкес валюталық кірісі бар және (немесе) валюталық тәуекелдері клиент тарапынан тиісті хеджирлеу құралдары арқылы жабылған клиенттерге.

** Сыйақы мөлшерлемелері «Нұрбанк» АҚ Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (10.10.2025 жылғы №107-12  хаттамасына бойынша №1).

*** Тарифтер мемлекеттік бағдарламаларға қолданылмайды, егер бұл Банк пен қаржы агенттігі арасында жасалған келісімде және/немесе ҚР заңнамасында, және/немесе бағдарламалардың шарттарында, және/немесе Банктің уәкілетті органының шешімінде көзделген болса.

Кеңес алу

Жиі қойылатын сұрақтар

1. «Нұр-сенім» кредиттеу бағдарламасы дегеніміз не?

Бұл кредит құжаттар тізіміне талаптары ең аз, оңайлатылған қаржылық талдау жүргізілетін, қаржыландыру туралы шешім аз уақытта қабылданатын, бизнесі 12 айдан кем емес уақыт бойы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге/заңды тұлғаларға арналған.

2. Кредиттің ең жоғары сомасы қанша?

120 млн теңгеге дейін.

3. Кредит қандай мақсаттарға беріледі?

Бизнесті дамыту, құрал-жабдық сатып алу немесе айналым қаражатын толықтыру үшін.

4. Мемлекеттік қолдау бар ма?

Иә, «Даму» қорының кепілдігі болуы мүмкін.

5. Қамтама талап етіледі ме?

Иә, бірақ қор кепілдігімен ішінара қамтамасыз етілуге жол беріледі.