Қаржылық сауаттылықты FinGramota-пен арттырамыз
Құжаттық аккредитив шеңберінде тәуекелдерді азайту және қаржыландыру алу арқылы уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін ең оңтайлы есеп айырысу әдісін ұсынамыз.
Құжаттық аккредитив — бұл аккредитив шығарған банктің аккредитив пайдасына шығарылған тарапқа (Сатушыға) барлық аккредитив шарттары орындалған жағдайда ұсынылған құжаттардың сомасын төлеу бойынша қайтарып алынбайтын міндеттемесі.
Сатып алушының айналым капиталын алаңдатпай, сатушыға сенімді төлем құралын шығару
Банк сатушыға төлемді аккредитив шарттарына сай құжаттарды алғаннан кейін ғана жүзеге асырады
Шетел банктерінде және халықаралық қаржы ұйымдарында кредит желілері, соның ішінде әртүрлі көздерден қаржыландыруды алу мүмкіндігі
Тауарды тиеу мерзімдерін бақылау мүмкіндігі
Тауарды алдын-ала жүктеу инспекциясын белгілі стандарттарға сәйкестікке алдын ала қарастыру мүмкіндігі
Банк мәміле барысын қадағалап отырады, Сатып алушының мүдделерін қорғайды және аккредитив бойынша төлемдерді Сатып алушының тікелей қатысуынсыз жүзеге асырады
Сатып алушының төлем қабілеттілігіне тәуелсіз Банктің тұрақты төлем міндеттемесінің болуы
Тауарды Сатып алушы алғанға дейін төлемді алу мүмкіндігі
Төлемді кейінге қалдырумен аккредитив шығару кезінде Сатып алушыларға неғұрлым бәсекеге қабілетті сауда шарттарын ұсыну мүмкіндігі
Өз қаржылық ресурстарын пайдаланбай делдал ретінде мәмілеге қатысу
100% ақшалай қамту немесе кепілдік қамтамасыз ету (жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік, жабдықтар, жинақ шотындағы ақша)
Сыртқы сауда келісімшартының жобасы немесе көшірмесі
Аккредитив шығару туралы өтінімнің түпнұсқасы
Сатып алушы Банкке сатушының пайдасына аккредитив шығаруға өтініш береді
Импорттаушы банкі сатушының пайдасына, оның немесе кез келген басқа шетелдік банк арқылы аккредитивті шығарады және растайды
Сатушы тауарды жөнелтеді және аккредитив талаптарына сәйкес төлем құжаттарын дайындайды
Сатып алушының банкі немесе шетелдік банк ұсынылған құжаттарға қарсы төлем жасайды