АО «Нурбанк» шоттары бойынша операциялар | Төлемдер, аударымдар және валюталық операциялар
Шоттармен жұмыс

Шоттармен жұмыс

Артықшылықтары

Еліміздің 16 аймағындағы 71 бөлімшеден тұратын кең филиалдық желі
Тарифтік пакеттердің болуы
Транзакциялардың сенімділігі

Жеке тұлғалардың шот операциялары

  • Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместерінің өзге шоттарынан, сондай-ақ клиенттің басқа шоттарынан қолма-қол немесе қолма-қолсыз жолмен клиенттің шотына теңгемен және/немесе шетел валютасымен ақша қаражатының түсімі;
  • Клиенттің нұсқауы бойынша оның басқа шоттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері немесе резидент еместерінің басқа шоттарына клиенттің шоты бойынша теңгемен және/немесе шетел валютасымен төлемдер мен аударымдар. Клиенттің шоты бойынша төлемдер мен аударымдар тек оның тапсырысы бойынша, немесе клиенттің нотариалды куәландырылған сенімхаты бар үшінші тұлғаның тапсырысы бойынша жүзеге асырылады;
  • Клиентке шотынан қолма-қол теңгемен және/немесе шетел валютасымен қаражат беру. Теңгемен және/немесе шетел валютасымен, тек клиенттің нотариалды куәландырылған сенімхаты негізінде, РК резиденттері мен резидент еместеріне қолма-қол ақша төлеуі мүмкін;
  • Банк клиенттің шотындағы қаражат көлемінде ғана шығыс операцияларын орындайды;
  • Клиенттің өтініші бойынша шотындағы қаражат көлемінде қолма-қол және қолма-қолсыз валютаны сатып алу/сату операцияларын жүзеге асыру.

Анықтамалар мен үзінділер

Клиенттің сұрауы бойынша шот бойынша үзінділер беру
Тұтынушының өтініші бойынша шот туралы анықтама беру, оның ішінде телекс хабарламалары, шоттан аудару туралы растаулар
Осы келісім шеңберінде банк ішінде және одан тыс операциялар жүргізуге байланысты клиент өтініші бойынша анықтама беру