МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ — ақша аударған кезде орын алуы мүмкін алаяқтық туралы ескерту

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ — ақша аударған кезде орын алуы мүмкін алаяқтық туралы ескерту

Ақшаңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз. Егер төменде көрсетілген ескертулердің біреуі ғана орын алса, АҚША АУДАРМАҢЫЗ. Бұл — алаяқтық және де біреу сіздің ақшаңызды ұрлауға талпынуда. Егер ақша жіберсеңіз, олар өте тез төленіп кетуі мүмкін және сіз ол ақшаларды ешқашан кері қайтарып ала алмайсыз.

  1. Ешқашан бөтен кісілерге ақша аудармаңыз. Кіммен мәміле жасап отырғаныңызды біліңіз. Ақша аудару да қолма-қол ақша сияқты.
  2. Келесі жағдайларда ешқашан ақша жібермеңіз:
    • Пандемия, табиғи апат немесе басқа да дағдарыс жағдайында  қайырымдылыққа садақа беру немесе интернет-дүкендегі тауарға төлем жасау үшін
    • Ақша алу үшін (мысалы, лотереядан ұтыс, сыйлық, жұмыс немесе несие туралы ұсыныс)
    • Мемлекеттік салық органдарына немесе полицияға төлем жасау үшін
    • Көлік, күшік, басқа да бірегей немесе қымбат зат сатып алу немесе пәтердің кепілзаты ретінде енгізу үшін.
  3. Ахуалды тексеріп алмай, ешқашан ақшаны жібермеңіз. Алдымен ақша қажет болып қалды деп айтылған досыңызға немесе отбасы мүшесіне хабарласыңыз.
  4. Ұсыныс тым әдемі болып көрінсе де, абай болыңыз оның астарында жалғандық жасырынуы мүмкін.
  5. Ақша жібергіңіз келетін кісіден басқа ешкімге транзакция нөмірін айтпаңыз. Алаяқтықпен жасалған транзакциялар сіздің ақшаңызды ешуақытта қайтарып ала алмайтындай етуі мүмкін.

Алаяқтық құрбаны болдыңыз ба? Көмек алу үшін 1 (800) 926-9400 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе www.moneygram.com сайтына кіріп, шағым жасаңыз.