Қазақстан бойынша жылдам аударымдар NUR Экспресс арқылы | «Нұрбанк» АҚ

NUR Экспресс

Қазақстан бойынша жедел аударымдар

NUR Экспресс

Артықшылықтары

Бірнеше секунд
Шот ашпай-ақ

Шарттар

Валюта KZT, USD, EUR
Аударымның ең жоғары сомасы 10 000 USD, KZT және EUR эквиваленті
Аударым бағыттары Қазақстан Республикасы бойынша Банк бөлімшелері арасында
Комиссия Банктің тарифтеріне сәйкес
Жіберу және қабылдау әдісі Банк бөлімшелерінде

 

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай аударымдар қолжетімді?

Нұрбанкте келесі ақша аударым жүйелері қолжетімді:

  1. Western Union
  2. NUR Экспресс
  3. Золотая корона
  4. SWIFT
  5. Ria Money Transfer
  6. Kwikpay
  7. UPT
  8. Multitransfer (ТМД елдеріне аударымдар)

Сондай-ақ сіз Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы телефон нөмірі мен карта нөмірі бойынша Қазақстанның басқа банктеріне ақша аудара аласыз.

Nur24.kz Android үшін Nur24.kz IOS үшін

Аударым жасағанда қате деректер көрсетілсе не істеу керек?

Банк бөлімшесіне барып, өтініш беріңіз. Сондай-ақ, дұрыс деректерді беру жауапкершілігі жіберушіге жүктелетінін ескертеміз.

Халықаралық аударым жіберу үшін қандай құжаттар қажет?

Банк бөлімшесінде халықаралық аударым жіберу үшін сізге керек:

  • жіберушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
  • алушының реквизиттері (Т.А.Ә., ел, қала)
Ресейге ақша жіберу керек. Мұны қалай істеуге болады?

Банк бөлімшесінде:

  • шот ашпай-ақ Золотая корона аударымы
  • шот ашпай-ақ Kwikpay аударымы
  • шот ашып SWIFT аударымы

Nur24.kz мобильді қосымшасында:

  • Золотая Корона
  • Multitransfer (ТМД елдеріне аударымдар)
  • SWIFT
Аудару үшін қандай комиссиялар бар?

Аударым тарифтерімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз - Банк тарифтері

Егер ақша картадан/шоттан аударылып, ақша аударымы өтпеген жағдайда не істеуге болады?

Егер ақша аударылып, ал алушы оны алмаса, онда Байланыс орталығына хабарласу керек.