Нұрбанк онлайн режимінде оқуға төлеуді ұсынады

Нұрбанк онлайн режимінде оқуға төлеуді ұсынады

Нұрбанк АҚ www.epay.kbtu.kz сайтында Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқуға online режимінде төлеуді ұсынады. Visa және MasterCard төлем карталары қабылданады.

2015 жылдан бастап университеттің Нұрбанк АҚ және Processing.kz-пен серіктестігі арқасында КБТУ студенттері мен олардың ата-аналары үшін оқуға онлайн режимінде, сайт арқылы банктік картамен төлеудің ең ыңғайлы тәсілі пайда болды. Бұл форматта төлемді тәуліктің кез келген уақытында, кезексіз және қажетсіз қағаздарсыз, банктік карта шотында қажетті сома бар және Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі болған жағдайда жасауға болады.

Сонымен қатар, Processing.kz студенттерге және олардың ата-аналарына онлайн төлемдердің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Банктік картаның мәліметтері қорғалған төлем бетінде енгізіледі. Барлық ақпарат қорғалған арналар арқылы беріледі, бұл кез келген сан алуан алаяқтық тәуекелдерін болдырмауға және төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәлімет:

Қазақстан-Британ техникалық университеті (КБТУ) — инновациялық, ғылыми-зерттеу және білім беру блоктарын тығыз байланыстыра отырып, ғылым - білім - өндіріс нақты интеграциясын қамтамасыз ететін университет, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық институттардың ғылыми-білім беру кластері.

CNP Processing GmbH - Казақстанда Processing.kz сауда белгісімен интернет-эквайринг бизнесін жүргізу үшін 2009 жылы құрылған, Швейцариялық филиалы бар компания. CNP Processing GmbH интернет-эквайрингте Нұрбанк АҚ-ның серіктесі болып табылады.

11.12.2015