Кепілді өтеу туралы ақпарат

Кепілді өтеу туралы ақпарат

Осы арқылы, «Нурбанк» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі - Банк) 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғанын хабарлайды.

 Заңға сәйкес, міндетті депозит кепілдігі жүйесіне қатысушы банктерге орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік өтемақының максималды мөлшері ұлттық валютада 5 000 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін ұлғайтылады. Ұлттық валютаның шетел валютасына қосымша басымдылығын қамтамасыз ету мақсатында шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілді өтемақының максималды мөлшері бұрынғы деңгейде қалдырылады - 5 000 000 теңгеден аспайды.

Заңда сондай-ақ, егер салымшы бір банк қатысушысының бірдей емес түрлері мен валютасындағы бірнеше кепілдендірілген депозиттеріне ие болса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры олар бойынша жиынтық кепілдендірілген өтем 10 000 000 теңгеден аспайтын сомма төлеуін қарастыратыны көрсетіледі.

Қосымша ақпарат КФГД ресми интернет-ресурсында www.kdif.kz мекенжайы бойынша қол жетімді. КФГД мамандары депозиттерге кепілдік берудің барлық сұрақтарына Қазақстан бойынша кез келген қалалық телефоннан тегін 8 800 080 10 20 нөмірі бойынша жауап береді.

04.05.2015