Банктің жарғылық капиталындағы үлесті сату бойынша аукцион

Банктің жарғылық капиталындағы үлесті сату бойынша аукцион

«Нұрбанк» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі – Банк) екінші жекешелендіру толқыны аясында, 2015 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі Банктің орналастырылған акцияларының 0,2386% немесе 25 652 дана артықшылықты акцияларын сату бойынша аукцион өткізілгенін хабарлайды. Аукцион бағаны көтеру әдісімен ағылшын әдісінде өткізілді. Лоттың бастапқы құны 155,9 млн теңгені құрады. Сату бағасы 171,9 млн теңгені құрады.

26.03.2015