ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы
26.03.13
«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің өткен отырысында жаңа Басқарма Төрағасы болып Орынбаев Қантар Бекаралович сайланды, ол 2013 жылдың 20 наурызында ресми түрде қызметке кірісті.
Мырза Орынбаев Директорлар кеңесіне көрсеткен сенімі үшін алғыс білдіріп, Нұрбанктің жұмыс принциптері банк миссиясы мен құндылықтарына негізделген түрде - ашықтық, айқындылық және кәсібилік өзгеріссіз қалатынын атап өтті.
«Нұрбанк» өз клиенттері үшін сапалы өнімдер мен қызметтерді дамытуға назар аудара отырып, қолданыстағы даму саясатын ұстануды жалғастырады», ─ деді Орынбаев.
«Нұрбанк» келмей тұрып, Қантар Бекаралович Орынбаев «Атамекен» АҚ ЖЗҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. Қаржы саласында 20 жылдық, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 10 жылдық тәжірибесі бар Орынбаев банктік жүйеде жұмысын бастаған: «Алем Банк Казахстан», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары болып жұмыс атқарды. Активтерді басқарушылар қауымдастығы кеңесінің, Қазақстан қор биржасы кеңесінің құрамында болды, түрлі ведомствоаралық жұмыс топтарына қатысты.
«Нұрбанк» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: 8 (727) 259 — 97 -10
e-mail: pr@nurbank.kz