БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы, 2012 жылғы 19 сәуір.
Нұрбанк 2012 жылғы 21 сәуірде «жасыл» сенбілік өткізетінін жариялады, оның барысында Банктің 16 филиалының қызметкерлері қала тұрғындары арасында ең танымал орындарды жапырақтан және қоқыстан тазартатын болады. Банктің бастамасын қолдауға барлық ниет білдірушілерге ұсыныс жасалады.
Банкирлер қала атмосферасын жақсартуға ниетті. Акция елдің 16 қаласында өтіп, Қазақстанның үлкен бөлігін қамтымақ.
Сонымен қатар, Алматы қаласының Іле Алатауындағы Алма-Арасан шатқалында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы іс-шара өткізіледі. Іс-шараға 150 банк қызметкері және Алматы қаласының арнайы «Жан ұя» кешені, №8 мектеп-интернаты, №1, №2 балалар үйінен 40 бала қатысады.
«Бұл балалар қиын жағдайға тап болып, бізден қолдау мен көмекті көбірек қажет етеді. Осындай қайырымдылық көмек көрсету арқылы балаларға отбасы, қуаныш, қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімін сыйлау мүмкін болды»,- деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рауан Даукенов.
Банк қызметкерлері балаларды еңбекке және қоршаған ортаға сүйіспеншілікке баулиды, сондай-ақ оларға сыйлықтар табыстайды. Пикник кезінде түрлі жарыстар мен ойындар өткізіледі.
Ескерту: «жасыл» сенбілікке қатысуға және қатысуға ниет білдірген журналистерден аты-жөндерін және телевизиялық арналардың түсірілім тобының нақты құрамын алдын ала хабарлауды сұраймыз.
Байланыс тұлғалары: Айгүл Қасенова
«Нұрбанк» АҚ баспасөз хатшысы
тел. +7 727 2 599 710, ұялы. +7 701 (707) 132 59 69, e-mail: akassenova@nurbank.kz