Нұрбанк үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша оқыту семинары

Нұрбанк үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша оқыту семинары

2012 жылғы 8 ақпанда Орал қаласындағы «Нұрбанк» АҚ филиалында «Даму» қорымен «Бизнестің жол картасы - 2020» атты мемлекеттік бағдарламасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау туралы оқыту семинары өткізілді.

Бұл шара ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Технопарк «Алгоритм» ЖШС-нің конференц-залында өткен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының банк қатысушыларының өкілдерімен кездесудің логикалық жалғасы болып табылады, онда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша жергілікті кредиттеу саласында айналысатын бөлімдерге оқыту семинарларын өткізу туралы ұсыныс жасалды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалының қызметкерлері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төрт бағыты бойынша «Нұрбанк» АҚ филиалының шағын және орта бизнесті кредиттеу бөлімі қызметкерлеріне презентация өткізді. Ерекше назар субсидиялау мен кепілдік беру құралдарын іске асыру механизмі мен ережелеріне аударылды.

Субсидиялау - бұл мемлекеттен банктердің мемлекет үшін маңызды жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақының (пайыздық ставканың) бөлігін қайтарусыз өтемақы жасау. Бұл механизм көптеген елдерде экономиканың басым салаларын қолдау үшін кеңінен қолданылады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялайды:

  • бірінші бағыт (жаңа іскерлік бастамаларды қолдау) - теңгемен 7%, валютада 5%;
  • екінші бағыт (кәсіпкерлік секторды сауықтыру) - теңгемен 5%, валютада 5%;
  • үшінші бағыт (кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету) - теңгемен 8%, валютада 7%.

Экономиканың басым салаларында айналысатын кәсіпкерлерді қолдау үшін келесі механизм - бұл жеткілікті кепілдік қамтамасыз етуі жоқ жаңа бизнес кредиттеріне жартылай кепілдік беру. Бағдарлама аясында кепілдік кредит сомасының 50%-дан аспайтын мөлшерде, 10 жылға дейін беріледі. Мемлекет кепілдік бере алмайды, егер:

  • жоба акциздік тауарларды өндіруді көздесе;
  • кредит мемлекеттік даму институтымен берілсе;
  • кәсіпорын металлургиялық өнеркәсіпке жатса, минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асырса және 2008 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1344 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізіміне енсе.

«Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты төртінші бағытқа қатысты ақпарат ерекше қызығушылық тудырды.

Семинар барысында банктің қызметкерлері бағдарлама бойынша жалпы сұрақтарды, сондай-ақ банктің қарауындағы ағымдағы жобалар бойынша жеке сұрақтарды қойды.

Семинар соңында филиал директорының ОК және ШОБ бойынша орынбасары Ажгалиева А.Т. атап өтті: «Семинардың банкке шығу арқылы өткізілгені өте ыңғайлы болды және кредиттеу бөлімі қызметкерлерінің барлығы, соның ішінде сату менеджерлері де тартылды. Семинардың «сұрақ-жауап» түріндегі қызықты формасында нақты жобалар мысалдарын пайдалана отырып, «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша қаржыландыру сатылары талқыланды. Өткізілген оқыту оң нәтижелер береді деп үміттенеміз. Алдағы айда «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша қарауға екі жоба енгізілмек. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілетін жағдайда, филиал сырттай семинарларды өткізуге қолдау көрсетеді.»

Дереккөз: http://fund.damu.kz/9468

08.02.2012