Алматы
«Нұрбанк» АҚ пен Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы өзара ынтымақтастық туралы мерзімсіз шартқа қол қойды.
«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының банк жүйесінде жетекші орындарды иемденуге бағыт алды. «Нұрбанк» АҚ бөлшек бизнесін (ритейл) дамытуға үлкен назар аударады. 2009 жылғы шілдеден бастап «Нұрбанк» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасына қатысты.
Кезекті қадам ретінде клиенттерге 2009 жылдың 20 тамызында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қою болды. Енді клиенттер мемлекеттік төлемдерді еліміздің дерлік барлық аймақтарындағы «Нұрбанк» АҚ бөлімшелерінің кассаларында ала алады. Мемлекеттік төлемдер қатарына: ай сайынғы зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақысына қосылатын үстемелер, жерлеу ақысы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер кіреді.