Баспасөз хабарламасы. 1-жартыжылдықтың қорытындылары: Нұрбанк қарқынды өсуін көрсетеді

Баспасөз хабарламасы. 1-жартыжылдықтың қорытындылары: Нұрбанк қарқынды өсуін көрсетеді

2009 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша Нұрбанк негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша сапалы өсуін көрсетті. 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша активтер көлемі бойынша банк барлық екінші деңгейлі банктер арасында 9-орынды иеленді; клиенттерге берілген несиелер бойынша 7-орын болды. Ең әсерлі нәтижелер банктің таза пайдасы бойынша көрсетілген: егер 2009 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш бойынша Нұрбанк 11-ші орында болса, қазір ол Қазақстан аумағында қызмет ететін 38 банктің арасында 8-ші, ал қазақстандық банктер арасында 4-ші орында тұр. 2009 жылдың 6 айындағы таза пайда 4,5 есеге жуық өсті – 01.01.09 күнгі 129 млн. теңгеден 01.07.09 күнгі 570 млн. теңгеге дейін.

Сыртқы және ішкі қарыздар бойынша міндеттемелерді уақытында орындау арқасында Нұрбанк өзінің қаржыландыру құрылымын едәуір жақсартты. Сәуір айында 100 млн. доллар сомасындағы соңғы синдикатталған қарызды және 10 млрд. теңге сомасындағы 4-ші шығарылым купондық облигацияларының өтеуінен кейін Нұрбанктың қаржыландыру құрылымында депозиттік база басым бөлігін құрайды (62%). 2011 жылы өтелетін еурооблигациялар бойынша купондық сыйақылар әрбір 6 ай сайын 7 млн. доллар сомасында уақтылы төленуде. 2009 жылдың 1-жартыжылдығында сауда қаржыландыруына қатысты қарыздар бойынша шамамен 12 738 млн. теңге өтелді. Бұдан бөлек, 2009 жылдың сәуір айында Нұрбанк Халықаралық Исламдық сауда және қаржылық корпорациямен 5 млн. доллар сомасындағы келісім жасасқан еді.

Ең маңызды жетістіктердің бірі банкке сенімнің артуымен айқындалады: бұл банкте клиенттердің салымдарының көбеюімен куәландырылды. Бұл ретте, мерзімді депозиттер жалпы алғанда 16%-ға артты: жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері 58%-ға (9 068 млн. теңге), ал заңды тұлғалардың мерзімді депозиттері 10%-ға (12 041 млн. теңге) өсті.

Несие портфелі 7,8%-ға (19 798 млн. теңге) ұлғайды – оның ішінде, ШОБ несиелеуі 73,6%-ға өсті. Маңыздысы, несие портфелі өткен жылдың шілдесінен осы жылдың шілдесіне дейін жалпы алғанда 70%-ға ұлғайды. Несие портфелінің мұндай қарқынды өсуі банктің өз меншікті қаражаты есебінен 69 млрд. теңгеге, сондай-ақ «Даму» қорының бағдарламасы бойынша игерілген қаражат есебінен 14 млрд. теңгеге байланысты жүзеге асырылды.

Жалпы алғанда, клиенттік базаның 2009 жылғы 1 қаңтардан 2009 жылғы 1 шілдеге дейін 4,5%-ға, сонымен қатар жеке тұлғалардың саны 4,5%-ға, ал заңды тұлғалардың саны 5,0%-ға өскені анық байқалады.

Банк өзінің филиалдық желісін белсенді түрде кеңейтуді жалғастыруда: жыл ішінде Қазақстанның барлық негізгі аймақтарында филиалдың тағы 17 қосымша ғимараты ашылды. Семейде филиал ашылды, ал екінші Алматы филиалы VIP-орталық мәртебесін алды.

Нұрбанк карточкалық бизнесті дамытуға едәуір қаржы салуда: жыл ішінде банкоматтардың саны 15%-ға артты. Бүгінгі күні тағы 100 банкомат алу бойынша 5 жылдық қаржыландырумен еуропалық банктердің бірімен келісімшарт жасалған.

Өткен жартыжылдық ішінде банктің қызметінің нәтижелерін түсіндіріп, Нұрбанк басқармасының төрағасы Марат Заиров әсерлі нәтижелер банктің республика банктік секторында көшбасшылық орындарға ие болу нысанына қол жеткізуімен байланысты екенін атап өтті. «Мен бірнеше рет айттым, бұл орташа банктер үшін сапалы секіріс жасауға жақсы уақыт екендігін. Ірі банктердің гегемониясы бұзылып, біз бұл кезеңді Қазақстанның банктік жүйесінде көшбасшылар қатарына қосылу мүмкіндігі деп қарастырамыз. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз банктің ұжымы ежелгі қажырлы еңбегінің алғашқы нәтижесі деп білемін. Әрине, бұл банк туған күнінің алдында болып жатқанда біз үшін ерекше қуанарлық жайт – 3 тамызда банктің 17 жылдығы мерекесі өтті. Біздің қызметіміздің нәтижелері ең керемет сый болды», - деп түсіндірді Заиров мырза.

Сонымен қатар, Нұрбанктің басшысы басты көрсеткіштер бойынша өсу көрсету – жайлылыққа себеп емес, әрі қарайғы жетістіктерге стимул екенін айтты. Осыған байланысты, Нұрбанк өз клиенттеріне қосымша қызмет ұсыну үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуде. Шілденің басында банк мемлекеттік ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қосылды, ал қазір жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосуда – «Нұр Жаусын».

«Нұр Жаусын» сөзін бейресми түрде өркендеу мен табыс тілегі деп аударуға болады. Сондықтан біз ипотекалық бағдарламамызды «Нұр Жаусын» деп атадық – бұл біздің барлық клиенттерімізге табыс тілегі ретінде», - деп түсіндірді Заиров мырза.

«Нұр Жаусын» бағдарламасы дерлік барлық банктер ипотекалық несиелендіруді қысқартып жатқан кездегі кезеңде іске қосылады. «Біз дәл қазір ипотекалық бағдарламамызды бастағанымыз кездейсоқ емес», - деп ерекше атап өтті Нұрбанктің басшысы, - «көптеген банктер ипотекалық несиелер беруді тоқтатты, дегенмен адамдар жылжымайтын мүлік алуға әлі де мұқтаж. Барлығы құрылыстық қызумен және жылжымайтын мүліктегі алып-сату алып-сатарлықпен қамтылған кезде Нұрбанк ипотекаға және құрылыс секторын несиелеуге өте консервативті қарап келді. Сондықтан, бізде жылжымайтын мүлік нарығымен байланысты үлкен мәселелер жоқ. Бұл бізге адамдарға өмір сүруге қатысты мәселелерін шешуге және ипотекалық несиелер ұсына отырып көмектесуге мүмкіндік береді».

«Нұр Жаусын» ипотекалық бағдарламасы жылжымайтын мүлік сатып алу үшін қаражат бөлуге бағытталған. Несиелер 20 жылға дейінгі мерзіммен беріледі, қарыздың ең жоғары сомасы жылжымайтын мүлік құнының 70%-ына дейін құрайды. Қазіргі күнгі номиналдық ставка – 12,6% жылдық. Банктің клиентінде қосалқы қарыз алушы немесе несие бойынша кепілгер тарту мүмкіндігі бар. Өз кезегінде, Нұрбанк өтініштерді жедел қарастыруды қамтамасыз етеді. Клиент қалауы бойынша қарызды ішінара немесе толық өтеуі пайда болуы мүмкін, банк тарапынан ешқандай айыппұлсыз.

Заиров мырза қорытындылай келе, Нұрбанк әлі де өз нарықтағы үлесін арттыруды, өнімдік желісін жаңғыртуды – жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да, жаңа технологияларды дамытуды, банктік өнімдерді сатудың каналдарын күшейтуді және қызмет көрсету сапасын жақсартуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Соңғысына байланысты, банкте «Клиент әрқашан дұрыс» акциясы басталды. «Біз қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін күресті бастады деп асыра айтуға болмайды, - деп мәлімдеді басқарма төрағасы, - және біз оған ең үлкен назар аударамыз». Мұның барлығы алдағы уақытта Нұрбанктың қаржылық қызмет нарығындағы көшбасшылар қатарына кіруіне мүмкіндік беретіндігіне, Заиров мырзаның пікірінше, сенімдімін.

Нұрбанк Қазақстандағы ең ірі он банктің қатарына кіреді. 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес, банктің активтері аудиттелмеген, шоғырландырылмаған есеп бойынша 293 752 млн теңгені, меншікті капиталы 43 682 млн теңгені, міндеттемелері 250 071 млн теңгені құрады, 2009 жылдың 1-жартыжылдығындағы банктің таза пайдасы 570 млн теңгені құрады.

04.08.2009