Баспасөз хабарламасы
Алматы
«Нұрбанк» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен келісімге қол қойып, ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болды.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Нұрбанк» АҚ арасында жасалған бірлескен бағдарлама аясында қарыз алушылардан ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруға өтініштерді қабылдау 2009 жылғы 1 тамызды қоса алғандағы мерзімде іске асырылады, қаржыландырылған қаржының игерілу мерзімі, 1 миллиард теңге көлемінде, 2009 жылғы 1 қазанды қоса алғандағы мерзімде жүзеге асырылады.
Ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ әдістемелік талаптарына сәйкес жүргізіледі, оның негізгі критерийлері қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру кезіндегі кредит бойынша мерзімі өткен қарыздың болмауын талап етеді. Ипотекалық кредитке алынған тұрғын үй қарыз алушының, оның жұбайының (жұбайы) және кәмелетке толмаған балалардың жалғыз үй-жайы болуы шарт, бұл жағдайда тұрғын ауданы 120 шаршы метрден аспауы керек.
Ипотекалық кредиттер келесі санаттар бойынша қайта қаржыландырылады:
- Әлеуметтік кредиттер бойынша қайта қаржыландыру ставкасы — жылдық 9%;
- Қатардағы кредиттер бойынша қайта қаржыландыру ставкасы — жылдық 11%;
2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген ипотекалық кредиттер қайта қаржыландыруға жатпайды.
«Нұрбанк» АҚ Қазақстанның жетекші он банк қатарына кіреді. Бүгінгі күні 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудиторлық тексеруден өткен шоғырландырылған қаржылық есептерге сәйкес банктің активтері 298,8 миллиард теңгені құрады, бұл 2008 жылғы 1 қаңтардағы 198,7 миллиард теңгеге қарағанда, депозиттік база 185,5 миллиард теңгені құрап, жыл ішінде 126,7 миллиард теңгеге артты.