2025 жылғы 3 шілдеден бастап SWIFT жүйесі арқылы АҚШ долларымен халықаралық аударымдар үшін жаңа, тиімдірек "кепілсіз OUR" тарифінің енгізілгенін қуана хабарлаймыз.
Бұл тарифті таңдаған жағдайда, жіберуші банк пен корреспондент-банктің комиссиялары тек жіберуші есебінен төленеді. Ал делдал банк, бенефициар банкі және төлем маршрутына қатысатын үшінші банктердің (бар болса) комиссиялары аударым сомасынан бенефициардың есебінен ұсталады.
Жаңа тарифті қолдану үшін интернет-банкинг арқылы аударым жіберген кезде «Комиссия түрі» ретінде «OUR – жіберуші есебінен» таңдап жіберіңіз.
Жаңа комиссия түрімен SWIFT аударымдарыңызды әлдеқайда үнемді жолмен жіберуге болады. Банк белгілеген бұл тариф – қазіргі таңда ұқсас қызметтер арасындағы ең тиімді тарифтердің бірі.
Жаңа тариф туралы толық ақпаратты, оның ішінде тарифтік жоспарлар мен қосылу шарттарын «Тарифтер» бөлімінен таба аласыз.