Аударымдарды жібер – ақшаны ал!

Аударымдарды жібер – ақшаны ал!

«Аударымдарды жібер – ақшаны ал!» Акциясының Ережелері

1. Акция туралы жалпы ақпарат:

1.1. Акцияны ұйымдастырушы «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк)

1.2. Акция өткізу мерзімі: 2021 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қоса алғанда.

2. Акция қатысушылары (бұдан әрі – «Қатысушылар»):
2.1. Акцияға Банк клиенттері – «Western Union», «Contact», «Юнистрим» және «Золотая корона» ақша аударымдары жүйесі арқылы Банктің филиалдары/бөлімшелерінде аударымдар жүзеге асыратын/қабылдайтын жеке тұлғалар қатысады (бұдан әрі – Аударымдар).

3. Акция шарттары, сыйлық ұтыс ойындарын анықтау:
3.1. Акцияға қатысу үшін 1.2-тармақта көрсетілген мерзімде аударымдар жасау/қабылдау қажет.

3.2. Акция аясында есепті кезеңдер аяқталғаннан кейін ақшалай сыйлықтардың ұтыс ойындары (бұдан әрі – Ұтыс ойындары) және алғашқы есепті кезеңнен кейін Ақтаудағы Caspian Riviera Grand Palace Hotel-ге екі адамға арналған бір реттік ұтыс ойыны өткізіледі.

3.3. Есепті кезеңдер:

- бірінші есепті кезең: 01.07.2021 ж. – 31.08.2021 ж.

- екінші есепті кезең: 01.09.2021 ж. – 31.10.2021 ж.

- үшінші есепті кезең: 01.11.2021 ж. – 31.12.2021 ж.

3.4. Акция аясында Банктің әр филиалы бойынша 3 (үш) Ұтыс ойыны ұйымдастырылады:

- әр филиалда бірінші, екінші және үшінші есепті кезеңдерді аяқталғаннан кейін 2 (екі) жеңімпаз анықталады, әрқайсысы 20 000 (жиырма мың) теңге ақшалай сыйлық алады;

- ақшалай сыйлықтардан бөлек, бірінші есепті кезеңді аяқталғаннан кейін Ақтауда орналасқан Caspian Riviera Grand Palace Hotel-ге екі адамға арналған жолдаманың ұтыс ойыны өткізіледі. Жолдама ұтыс жеңімпазы жолдамадан бас тартып, жолдаманың ақшалай баламасын ала алады, бірақ 450 000 (төрт жүз елу мың) теңгеден аспайды. Жолдаманың құны Отель Caspian Riviera Grand Palace Hotel-де 5 түн тұруды және жеңімпаздың Ақтау қаласына ұшуын қамтиды. Саяхат 2021 жылдың 31 қазанына дейін шектеледі.

3.5. Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Банк 3.1. Ережеге сәйкес келетін есепті кезеңдегі Қатысушылардың Аударым нөмірлерінің тізімін құрайды.

3.6. Аталған тізім Банкпен есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей құрылады.

3.7. Ұтыс ойыны есепті кезеңнен кейінгі 1 (бір) күнтізбелік ай ішінде өткізіледі.

3.8. Ұтыс ойынының жеңімпазы www.random.org интернет-сайтында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады, таңдау ауқымы есепті кезеңдегі Қатысушылардың Аударым нөмірлерінің санына тең. Аударым нөмірі кездейсоқ жасалған санмен сәйкес келген Қатысушы жеңімпаз болып есептеледі. Ұтыс ойынының нәтижелері Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсында жарияланады.


3.9. Банк Ұтыс ойындары өткізіліп болғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздарға қоңырау шалып, Сыйлықтар табыстау рәсімін жасайды.


3.10. Ұтыс ойындары Банктің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында тікелей эфирде көрсетіледі.

3.11. Келесі ұтыс ойындарында кезекті Ұтыс ойынының жеңімпазы қатыспайды.

4. Жеке деректер:
4.1. Қатысушының осы Ережеге сәйкес Акцияға қатысу фактісі, сондай-ақ Банктің Акцияны өткізу мақсатында кез келген тәсілмен Банктегі Акцияның жеке деректерін өңдеуге берген келісімін растайды.

5. Қосымша
5.1. Осы Ережемен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Банк пен Қатысушылар Акциясы Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына негізделген.

5.2. Акция туралы ақпарат таратылады:

- Банктің www.nurbank.kz интернет ресурсына орналастыру арқылы

- Банктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында

- жарнама ретінде Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде

01.07.2021