Акция ережелері
1. Акция туралы жалпы ақпарат:
1.1. Акция қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін арттыруға ынталандыру шарасы болып табылады және осы Ережелерге сәйкес өткізіледі.
1.2. Акцияны ұйымдастырушы «Нұрбанк» АҚ (әрі қарай – Банк)
1.3. Акция өткізу мерзімі: 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзімде.
2. Акцияға қатысушылар (әрі қарай — «Қатысушылар»):
2.1. Акция тек «Нұрбанк» АҚ шығарған Visa Халықаралық төлем жүйесінің карталарының иелері үшін қолданылады.
2.2. Акцияға Банктің клиенттері – 18 жасқа толған жеке тұлғалар қатыса алады.
2.3. Ұйымдастырушы Қатысушының жасын және жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру құқығын өзінде қалдырады.
3. Акция шарттары:
3.1. Акцияға қатысу үшін Ережелердің 1.3. тармағында белгіленген мерзімдерде POS-терминалдар арқылы, сондай-ақ интернет пен интернет-банкинг арқылы (казино/букмекерлік кеңселердегі операцияларды қоспағанда) тауарлар мен/немесе қызметтерге кемінде 20 000 (жиырма мың) теңгеге қолма-қол ақшасыз төлем операцияларын жасау қажет, бұл ретте операциялар саны шектелмейді.
3.2. Келесі ұтыс ойындарына ағымдағы жеңімпаз қатыспайды.
4. Сыйлықтар
4.1. Акция шеңберінде Chocomart интернет-дүкенінің электрондық сертификаттарының (әрі қарай – Сертификаттар) ай сайынғы ұтыс ойындары (әрі қарай Ұтыс ойындары) өткізіледі:
- 100 000 (жүз мың) теңгелік 5 (бес) Сертификат
- 50 000 (елу мың) теңгелік 5 (бес) Сертификат
4.2. Сертификат оның иесіне https://chocomart.me сайтында ұсынылған кез келген тауарды/қызметті сатып алу құқығын куәландырады, бұл ретте тауарлар/қызметтерге тапсырыс сайт арқылы жүзеге асырылуы тиіс https://chocomart.me.
4.3. Ұтыс ойындары Банктің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында тікелей эфирде көрсетіледі.
4.4. Ұйымдастырушы Ұтыс ойынының жеңімпазының жеке, отбасылық және басқа да себептер бойынша Сертификатты пайдалана алмауы үшін жауапкершілік көтермейді.
5. Акция бойынша Ұтыс ойындарының жеңімпаздарын анықтау тәртібі
5.1. Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Ұйымдастырушы Акцияның ережелерінің 3.1 тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес есепті кезеңдегі Қатысушылардың жүргізген транзакцияларының тізімін құрайды.
5.2. Есепті кезеңдер:
01.07.2021 ж. – 31.07.2021 ж.
01.08.2021 ж. – 31.08.2021 ж.
01.09.2021 ж. – 30.09.2021 ж.
01.10.2021 ж. – 31.10.2021 ж.
01.11.2021 ж. – 30.11.2021 ж.
01.12.2021 ж. - 31.12.2021 ж.
5.3. Көрсетілген тізім Ұйымдастырушы тарапынан есепті айдан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей жасалады.
5.4. Ұтыс ойыны есепті айдан кейінгі айдың 15-ші күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
5.5. Ұтыс ойынының жеңімпазы www. https://www.random.org сайтындағы кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады, мұнда таңдау диапазоны есепті кезеңдегі Қатысушылардың транзакциялар санына тең көлемде болады. Кездейсоқ генерирленген санмен бірдей транзакциясы бар Қатысушы жеңімпаз ретінде танылады. Ұтыс ойынының нәтижелері www.nurbank.kz Банктің интернет-ресурсында жарияланады
5.6. Ұйымдастырушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздарға қоңырау шалып, Жеңімпаздарға телефон нөмірлеріне SMS арқылы Сертификаттарды жібереді.
5.7. Сертификаттардың құнының ақшалай баламасы төленбейді.
6. Жеке мәліметтер:
6.1. Акцияға осы Ережелерге сәйкес қатысу фактісі Қатысушының осы Ережелерге келісімін растайды, сондай-ақ Қатысушының Акцияны жүргізу мақсатында Ұйымдастырушы тарапынан жеке мәліметтерді кез келген әдістермен өңдеуге келісімі болып табылады.
7. Қосымша
7.1. Осы Ережелерде көзделмеген барлық қалған жағдайларда Ұйымдастырушы мен Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
7.2. Акция туралы ақпарат таратылады:
- Банктің интернет-ресурсында www.nurbank.kz
- Банктің ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарында
- Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде жарнамалық құқықтар негізінде