Құрметті клиенттер, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға арналған әлеуметтік төлемдер үшін картаны енді банкке бармай-ақ аша аласыз. Барлық қажетті әрекет — www.nurpay.kz сайтында өтінім беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметі табысынан айырылған кейбір санаттағы азаматтар мен кәсіпкерлерге материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады және олардың әлеуметтік жәрдемақысы 42 500 теңге мөлшерінде төленеді.
Жәрдемақы алу үшін ақша аударылатын карточкалық шотыңыз болуы қажет. Нұрбанк сізге осындай шотты www.nurpay.kz сайтында бірнеше минут ішінде ашуды ұсынады.
Денсаулығыңызға қамқор болыңыз және үйде болыңыз!
IBAN деген не және оны қалай білуге болады?
IBAN — KZ-дан басталатын 20 сандық шот нөмірі. Өтінім жіберілгеннен кейінгі күні бұл нөмір SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Сізге төлем картасы мен ПИН-конвертін алу күні туралы Банк менеджері телефон арқылы хабарлайды.
Маңызды: картаны және ПИН-конвертті алу кезінде жеке куәлік алып келуіңіз және құжаттар пакетіне қол қоюыңыз қажет.