НУРБАНККЕ СЕНІМДІЛІК РЕЙТИНГІ ЖОҒАРЫЛАДЫ

НУРБАНККЕ СЕНІМДІЛІК РЕЙТИНГІ ЖОҒАРЫЛАДЫ

Халықаралық рейтинг агенттігі S&P Global Ratings «Нурбанк» АҚ рейтингтерін «Тұрақты» деңгейіне көтерді. 

Сонымен бірге, агенттік «Нурбанк» АҚ-ның халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін «B-/B» деңгейінде, сондай-ақ ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «kzBB-» деңгейінде растады. 

S&P Global Ratings сарапшыларының пікірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі халықаралық консультанттарды тарта отырып жүргізген активтер сапасын бағалау (AQR) нәтижелерін және елдегі басқа да банктердің талдауларын негізге ала отырып қалыптасты. 

AQR нәтижесінде Нурбанк Қазақстан банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысушы болды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, банк 15 жылдық мерзімге 48,6 млрд теңге көлемінде қосымша облигациялар шығарады, сондай-ақ банктің капитализациясын қолдау үшін 5 жылдық мерзімге Проблемалық кредиттер қорының 20,9 млрд теңге сомаға кепілдігі беріледі. Сонымен қатар, «Нурбанк» АҚ ірі акционері тарапынан 20,9 млрд теңге көлемінде капитал құйылады. 

«Рейтинг агенттігінің рейтингті растауымен қатар болжамды көтеруі - біз үшін маңызды оқиға. Бұл біздің таңдалған даму бағытымыздың дұрыс екендігін тағы да растайды. Бағдарламаға қатысу және акционердің қолдауы бізге несиелендіруді белсендірек жүргізуге және сол арқылы экономика секторларының дамуына, ірі, шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді, бұл біз үшін әрқашан басымдықта» - деді «Нурбанк» АҚ басқарма төрағасы Элдар Сарсенов. 

«Нурбанк» АҚ баспасөз қызметі

+7 (727) 259 97 10 ішкі 5465

+7 700 00 999 09

12.03.2020