«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының клиенттерді несиелеудің жаңа бағдарламасының іске қосылуы

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының клиенттерді несиелеудің жаңа бағдарламасының іске қосылуы

«Нурбанк» АҚ клиенттерін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы арқылы несиелеудің жаңа бағдарламасының іске қосылғанын хабарлаймыз.

2017 жылғы 30 қарашада «Нурбанк» АҚ мен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы арасында шартты банктік депозиттерді орналастыру туралы келісім жасалды. Осы келісім бойынша «ЭСК «KazakhExport» АҚ банкте экспорттық келісімшарттар аясында айналым қаражатын толықтыру мақсатында экспорттаушы компанияларды қаржыландыруға арналған депозит орналастырады. Сондай-ақ, «ЭСК «KazakhExport» АҚ шетелдік импорттаушының келісімшарт міндеттемелерін орындамау тәуекелдерін сақтандыру арқылы экспорттаушының шығындарын өтейді.
04.12.2017