Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

"Нурбанк" акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АҚ, 09.11.2004 ж.), мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», Директорлар Кеңесінің бастамасымен (№ 77-(17) хаттама, 2017 ж. 26 қазан) келесі күн тәртібімен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады:

1)Кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібін бекіту.

2)"Нурбанк" АҚ-ның директорлар Кеңесінің сандық құрамын анықтау.

3)"Нурбанк" АҚ-ның директорлар Кеңесіне жаңа тәуелсіз директорды сайлау.

4)Жаңа тәуелсіз директорды қызмет атқарғаны үшін сыйақы және шығыстарды өтеу мөлшерін және шарттарын анықтау.

5)"Нурбанк" АҚ-ның директорлар Кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау.

Акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және "Нурбанк" АҚ-ның Жарғысына сәйкес өткізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылы 04 желтоқсанда сағат 10:00-де Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында орналасқан "Нурбанк" АҚ ғимаратында өтеді.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу оның өткізілу орны бойынша сағат 09:00-де басталады.
"Нурбанк" АҚ-ның акционерлерін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.

Күн тәртібіндегі мәселелер және акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпараттар мен материалдармен танысып шығуға "Нурбанк" АҚ-ның кеңсесінде, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», телефон: 8(727) 2-500-000 (Корпоративтік хатшы Тлегенова Данара – ішкі нөмір 5783) мүмкіндік бар.

"Нурбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығына ие акционерлердің тізімі акциялар ұстайтын реестр деректері негізінде 2017 жылғы 27 қазан жағдайына жасалды. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес, егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлер тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге кірген тұлға қоғамның дауыс беретін акцияларын сыртқы тұлғаға иеліктен шығарған жағдайда, акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынған жаңа акционер жалпы жиналысына қатысу құқығына ие болады.

Акционерлерге – жеке тұлғаларға акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін өзімен жеке куәлігі болуы қажет.

Акционерлердің өкілдері – жеке тұлғалар нотариалды расталған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхатты және өкілдің жеке куәлігін ұсынуға тиіс.

Акционерлердің өкілдері – заңды тұлғалар акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке куәлігін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе келісімге сәйкес акционердің атынан құзыретті әрекет етуге немесе мүдделерін көрсетуге құқығы бар тұлға қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру және жалпы жиналысқа қатысу үшін сенімхатты қажет етпейді.

Акционерлер – заңды тұлғалар, өздерінің және олардың акционерлерінің (қатысушыларының) тіркеу еліне қатысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 17-бабының 5-тармағының талабын сақтау туралы өтініш ұсынуы қажет. Өтініштің нысаны "Нурбанк" АҚ-ның интернет сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: www.nurbank.kz/ru/about/shareholders/for_shareholders.

Тиісті өтінішті ұсынбаған акционерлерге "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 17-бабының 5-1-тармағына сәйкес акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға рұқсат берілмейді.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының талаптарына сәйкес орталық депозитарий есеп жүйесінде деректері жоқ номиналды ұстаудағы акцияларды иеленетін акционерлер акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге жіберілмейді.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 48-бабы және "Нурбанк" АҚ-ның Жарғысына сәйкес айқындалған.

Тіркелуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворум анықтағанда ескерілмейді және дауыс беруге құқығы жоқ.
Артықшылықты акциялардың иесі болып табылатын акционер, бетпе-бет форматта өткізілетін кезектен тыс жалпы жиналыста қатысуға және қаралып отырған мәселелерді талқылауға құқылы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы жариялаған уақытта қажетті кворум болуымен ашылады, егер барлық акционерлер (олардың өкілдері) алдын ала тіркеліп, хабардар етілсе және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге келіспесе.
Кезектен тыс жалпы жиналыста ақпаратты дауыс беру жүзеге асырылады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы жиналыстың төрағасы мен хатшысын таңдайды. Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру кезінде әр акционер бір дауысқа ие, ал шешім қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы дауыс беру түрін анықтайды – ашық немесе бюллетен бойынша құпия түрде.
Кезектен тыс жалпы жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан кейін және шешімдер қабылдағаннан кейін жабылады.

Егер "Нурбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмаса, онда "Нурбанк" АҚ акционерлерінің кезекті жалпы жиналысты 2017 жылы 05 желтоқсанда сағат 10:00-де Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында қайталап өткізу жоспарланған.

Осы хабарлама "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде "Нурбанк" АҚ акционеріне жіберіледі.

02.11.2017