Нұрбанк өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше дайындалып жатыр. Өткен айда банк қызметкерлері қан донорлары болды. Өткен демалыс күндері сенбілік өтіп, бүгін Алматы зообағын көгалдандыруда.
«Біз әрдайым әлеуметтік іс-шараларға ерекше көңіл бөлетініміз құпия емес. Биыл жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды қолдаумен қатар, біз экология мәселелеріне назар аударуды шештік. Себебі біздің қаламыз үшін экология тақырыбы бүгінгі күні өзекті болып табылады және біз бұл жағдайды жақсартуды мақсат етеміз» — деді "Нұрбанк" АҚ-ның басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов.
Экологиялық #BeGreen акциясының ұйымдастырушысы Нұрбанктің досы — Бірінші несиелік бюро болып табылады. #BeGreen — әлеуметтік маңызы бар нысандарды көгалдандыруға бағытталған Бірінші несиелік бюроның әлеуметтік акциясы.
Бірінші несиелік бюроның бас директоры Руслан Омаров: «Біз "Нұрбанк"-тің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, акцияға қатысушыларға ПКБ бастамаларын белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Себебі қаладағы әлеуметтік нысандарды көгалдандырумен қатар қаржы секторын да "көгалдандыру" біздің ортақ міндетіміз»
Экологиялық #BeGreen акциясына Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры, Moneyman онлайн несие беру қызметі, Ekredit онлайн несие беру қызметі, «Азиялық несие қоры» МҚҰ және басқа да қаржы институттары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, өзінің өмір сүру кезеңінде банк 1000-нан астам қайырымдылық бағдарламалар мен республикалық деңгейдегі ірі жобаларды жүзеге асырды, олар қоғамға бүгіннің өзінде оң нәтижелер әкелуде. 2014 жылдан бастап Нұрбанк Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы балалар үйлерінің түлектерін Каспий қоғамдық университетінде оқыту бойынша өзінің «Өмір жолдамасы» жобасын белсенді қолдайды. Жоба аясында банк тұрғын үй мен тамақтану, жол жүру билеттерін төлеу және дайындық емтихандарына кеткен шығындар, сондай-ақ оқу табыстары үшін стипендия төлеу және ай сайынғы материалдық көмек шығындарын қамтыды.