Құрметті клиенттер!
2016 жылғы 1 наурыздан бастап коммерциялық емес акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) құрылғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болады, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, РМК «Жылжымайтын мүлік орталығы», РМК «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың» (бұдан әрі - ЗТМО) функцияларын біріктіреді.
ЗТМО заңды тұлға ретінде таратылып, оның міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби жарналар, әлеуметтік аударымдар, мерзімінен тыс төленген айыппұлдар, зейнетақы мен жәрдемақылардың қайтарымдары, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпочта» АҚ арқылы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бойынша төлемдер мен аударымдарды өңдеу функциялары 2016 жылғы 1 наурыздан Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Корпорацияның реквизиттері, соның ішінде БСН және банк деректемелері, Клиенттерге кейінірек Банк арқылы жеткізіледі.
Жоғарыда айтылғанның негізінде зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін Клиенттерден 2016 жылғы 25 ақпанға дейін міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың ескі ЗТМО реквизиттеріне аударылуын аяқтауды сұраймыз.*
*ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес
Қосымша ақпарат алу үшін «Нұрбанк» АҚ филиалына хабарласа аласыз.
Құрметпен,
«Нұрбанк» АҚ