Құрметті клиенттер!
Бүгіннен бастап NURBANK24 интернет-банкинг жүйесінде қайталанатын (тұрақты) төлемдерді жүргізу үшін ақшаны автоматты түрде есептен шығару қызметі іске қосылды.
Төлемді «ОПЕРАЦИЯЛАР» мәзірінде деректерді енгізіп, «Периодты төлем» өрісінде белгі қою арқылы жасауға болады.
Келесі терезеде жиілігін (айына бір рет немесе аптасына бір рет) таңдап, күнді немесе аптаның күнін көрсету қажет.
Әрі қарай төлемді ресімдеу әдеттегідей жүзеге асырылады, MOBIPASS арқылы төлем расталады.
«Периодты төлемді» ұялы телефон шотын толтыру, картадан картаға, шоттан шотқа, картадан шотқа аударым жасау, теңгедегі аударым үшін теңгеге баптауға болады.