Nurbank негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуін көрсетуде

Nurbank негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуін көрсетуде

2024 жылдың 8 айындағы кіріс 9 млрд теңгені құрады. Басқарушылық есеп бойынша 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Nurbank активтері 497,4 млрд теңгеге жетті, бұл жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,8% жоғары. Сегіз айда таза кіріс 9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті.

Жыл басынан бері банктің депозиттік портфелі өсті. 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайда клиенттердің салымдары 7,6% өсті. Корпоративтік клиенттердің депозиттері мен есепшоттары 24,3%-ға, жеке тұлғалардың салымдары – 3,1%-ға өсті. Nurbank депозиттері корпоративтік клиенттерге уақытша бос қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бизнесті дамыту және өсу үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды.

Заңды тұлғалар арасында еңкемді салымдар, минималды қалдық шегінде толықтыру және шешу мүмкіндігі бар салымдар сұранысқа ие. Корпоративтік клиенттермен жұмыс жасауда Nurbank 32 жыл бойы сенімді қаржылық серіктес болып табылды және уақытша бос ақшаны орналастыру үшін жеке қызмет пен икемді шарттар ұсынады.

Nurbank қызметі тәуекелдерді бағалауға салмақты тәсіл қолдануға негізделген, ол жеткілікті деңгейдегі өтімділікті қамтамасыз етуге және активтердің сапасын қолдауға бағытталған. Банк өзінің банктік қызметіндегі ІТ жетілдіру және ішкі операциялық тиімділігін арттыру бағытын алды.

«Біз Nurbank 2024 жылдың сегіз айында сапалы өсу көрсетті деп санаймыз. Біз депозиттік базаны өсіріп, активтердің сапасын қолдауға жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта мен, негізгі акционер ретінде, өз үлесімді сату туралы жоспарым жоқ, әрі қарай таза кіріс, бұрынғыдай, қаржы институтының дамуына бағытталады», – деп түсіндірді Nurbank акционері Эльдар Сәрсенов.

 

Дереккөз: https://bes.media

25.09.2024