Өткен жыл банк секторы үшін айтарлықтай турбулентті болды. Дегенмен, Нұрбанк басқарма төрайымы Гүлнара Мусатаеваның айтуынша, банк «жеткілікті капитал мен өтімділік қорына» ие. Бір жыл ішінде ол тек активтерін ғана емес, пайдасын да арттыра алды. Банк стратегиясы қалай құрылатынын, нарыққа қандай қызметтер мен өнімдер шығаратынын қаржы институтының басшысы айтып берді.
— Гүлнара, Нұрбанк 2022 жылды қандай қаржылық нәтижелермен жапты?
— Өткен жыл банк үшін өте табысты болды. Аудиттелген шоғырландырылған қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес, 2022 жылы таза пайда 5,7 млрд теңгеге жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық өсті. Біздің кредиттік портфеліміз 12,6%-ға өсіп, 242,2 млрд теңгені құрады. Өткен жылы біз 2021 жылмен салыстырғанда 24% көп несие бердік. Соның нәтижесінде 2022 жылы 150 млрд теңге несие берілді.
Біздің банк жалпы банк нарығындағы өсу қарқынымен бірге даму үстінде және 2022 жылы активтер мен кредиттік портфельдің және меншікті капиталдың тұрақты өсуін көрсетті.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк активтері 465,2 млрд теңгеге жетті. Өткен жылы таза пайыздық кіріс 44%-ға өсті. Нұрбанктің пайыздық емес кірістері 12 айда 1,8 есе өсті. Бұған тұрақты банк кірістерінің, атап айтқанда комиссиялық кірістің, оның бір жыл ішінде 23%-ға өсуі және дилерлік операциялардан түскен кірістердің өсуі ықпал етті.
Сонымен қатар, банк жеткілікті капитал мен өтімділік қорына ие екенін атап өткім келеді. 2023 жылдың басындағы банк капиталының жеткіліктілік деңгейі нормативі 10% болған кезде 22,8% құраса, ағымдағы өтімділіктің көлемі норматив 30% болғанда 186,9% құрады.
— 2020 жылы Нұрбанк қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысып, 46,8 млрд теңгеге 15 жылға субординацияланған облигациялар шығарды. Мемлекеттік активтері бар банктердің дивидендтерді төлеуі бойынша жаңа шектеулерге байланысты банк облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы жоспарлап отыр ма?
— Инвесторлар мен салымшылар үшін қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру үшін 2019 жылы ҚР Ұлттық банкі банктердің активтер сапасын бағалап шықты (AQR). AQR қорытындылары бойынша Нұрбанк қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына еніп, 2020 жылдың сәуір айында 46,8 млрд теңгеге субординацияланған облигациялар шығарды. Бұл қаражат банк тарапынан нақты секторды кредиттеуге және қолдауға бағытталды. 2020 жылдың мамыр айында Нұрбанктің ірі акционері 20,038 млрд теңгеге капиталы толықтырды. Бұл қаржы институтының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді. Сіздің дұрыс айтқаныңыздай, субсидияланған облигацияларды өтеу мерзімі 15 жылды құрайды. Біз бұл облигациялардың проспектінде көрсетілген шарттарға сәйкес оларды өтеуді жоспарлап отырмыз.
— Банк стратегиясын қандай да бір түзету жоспарларыңыз бар ма?
— Біз бизнес-процестерімізді құруда барынша икемді тәсілдер қолдануға тырысып, сыртқы ортаның өзгерістеріне жедел ден қоямыз. Біздің командамыз бұл міндетті сәтті орындап жатқандығын атап өтуімізге болады.
2025 жылға дейінгі стратегиямыз шеңберінде біз әмбебап классикалық банк болып қаламыз. Клиенттермен жұмыс тәжірибесіндегі дәстүрлі, кейбір жағдайда консервативті тәсіліміз ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуда оң әсерін көрсетеді. Сонымен қатар, біз digital-арналарды қарқынды дамытып жатырмыз және есептік-кассалық қызмет көрсету операцияларының 70%-ын онлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Біз өз позицияларымызды бөлшек және ШОБ сегменттерінде, оның ішінде бизнесті цифрлық трансформациялау арқылы нығайтуды мақсат етіп отырмыз.
— Ал кредиттік саясат туралы не айтасыз?
— Біз тәуекелдерді бағалауда теңгерімді, консервативті тәсілдемені ұстанамыз, сондықтан нарықта ставкалар деңгейі бойынша демпинг жасамаймыз. Біз клиенттерімізбен ұзақ мерзімді, өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Сол себепті, біз бөлшек клиенттер үшін адалдық бағдарламасын енгіздік. Ол бізге бұрын бізден қарыз алған және оларды уақтылы төлеп жатып жүрген заемшылар үшін пайыздар мен комиссияларды төмендетуге мүмкіндік береді.
ШОБ-ға келетін болсақ, 2022 жылы біз бизнес-процестерімізді, оның ішінде автоматтандыруды өзгертілдік. Бұл шара бізге филиалдардың өкілеттіліктерін кеңейтуге, кредиттік өтінімдерді қарау процесін жеделдетуге мүмкіндік берді. Нарықтағы трендтер мен біздің клиенттер тарапынан сұранысты ескере отырып, біз белгілі бір шарттарда кепілсіз несие беру тәуекелдерін өз мойнымызға алуға дайынбыз. Дегенмен, ШОБ-ға кредит беру тәсілімізді түбегейлі өзгертпейміз деу қиын.
Біз Даму қорының мемлекеттік бағдарламалары арқылы ШОБ-ты белсенді қаржыландырамыз. Осылайша, біз мемлекетке кредиттік ресурстарды бизнес иелеріне тиімді жеткізуге көмектесеміз. Жалпы алғанда, Даму қоры арқылы пайыздық ставканың бір бөлігі субсидияланады. Нәтижесінде, соңғы заемшылар үшін қарыздың құны жылына 7-8% (ЖТСМ 7,2%-дан, 8,2%-дан жоғары) құрасады. Сондай-ақ, Даму қоры ШОБ кредиттерінің 85%-ына дейін қамтамасыз етеді. Мұндай несиелер көлемі жыл сайын артып келеді: біздің статистика бойынша әр екінші жоба субсидиялау немесе кепілдіктендіру арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылады.
— 2021 жылы Елдар Сарсенов Нұрбанктің ірі акционері болды. Қазіргі уақытта банкты сату жоспары жоқ па?
— Банкінің мажоритарлы акционері Елдар Сарсенов өз үлесін сатуды қарастырмауда. Керісінше, қазіргі таңда оның барлық күші бизнесті дамытуға, IT-шешімдерді жетілдіруге және жаңа банк қызметтерін құруға бағытталған. Келесі үш жылда акционер банктің таза пайдасын оның дамуына бағыттауды жоспарлауда.
— Банктің 2023 жылға арналған даму жоспарлары қандай?
— Олар көп. Егер қаржылық көрсеткіштері жайлы айтатын болсақ, 2023 жылдың қорытындылары бойынша кредиттік портфельді 9% өсіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ депозиттік портфель бойынша клиенттік базаны және комиссиялық кірістерді арттырғымыз келеді.
2023 жылы ШОБ блоктың дамуы стратегиясы шеңберінде банктің жоспарларында кредиттік портфельді 15%-ға, депозиттік 25%-ға, комиссиялық кірістерді 20%-ға арттыру бар.
Банк қазір белсенді түрде процесс оптимизациясымен және автоматтандырумен, жаңа технологияларды енгізу және клиенттерге қызмет түрлерін жақсартумен айналысуда. Интернет-банкинг арқылы физикалық тұлғаларға тек онлайн несиелер ғана емес, бірақ тауарларды маркетплейс арқылы сату да жоспарлануда. Осы платформа арқылы алынған өнімдер үшін кез-келген банктің картасымен төлеуге болады. Бізде қазірдің өзінде телефон нөмірі арқылы бір картадан екіншісіне ақша жіберетін қызмет жұмыс істейді, болашақта - осы аудармаларды шетелге де жасау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта мобильді қосымша арқылы онлайн кредиттеуді іске қосу үдерісіндеміз. Бірінші кезеңде кепілсіз заемды, кейінірек - кепілді қабылдауға болады.
Карталық өнімдер, өздігінен қызмет көрсету жүйелері, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Банк IT жетілдіру және ішкі операциялық тиімділікті арттыру бағытында жұмыс жүргізуде. Стратегиялық тұрғыда 2023-ші жыл банкте IT жылы деп жарияланған. Бизнесіміздің сандық дамуы үшін қуатты негіз ұйымдастыруымыз қажет. Біз классикалық тәсілді үш бағыт бойынша бір уақытта қолданамыз - адамдар, процестер, технологиялар.
Алдағы маңызды жобаларымыздың бірі - заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг Nurbank24 жаңарту, BPM жүйесінде жаңа процестерді іске қосу (онлайн үдерістер ШОБ, бөлшек сектор - Ред.) және т.с.с. жоспарлануда.
Біздің банк АТҚҚ криптобиржаларымен өзара байланыс бойынша пилоттық жобаға қатысуда. 2023 жылы криптобиржалармен бірлесіп жаңа қызметтер мен электрондық ақша жүйесі операторлары үшін қызметтердің санын арттыру жоспарлануда.
* АҚ «Нұрбанк» қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген № 1.2.15/193 лицензиясына ие, 2020 жылдың 3 ақпанында берілген.