Капитал іскерлік ақпарат орталығы
Нұрбанк өзінің еншілес ұйымы «Атамекен» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның капиталындағы үлесінің артқанын хабарлады. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік порталы Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұрбанк еншілес ұйымы ЖЗҚ «Атамекен»-нің капиталындағы (дауыс беретін акциялар санының пайыздық арақатынасы бойынша) үлесін 96,5172%-дан 98,4632%-ға дейін арттырды. Бұл іс әрекет операциялық акционерден өз акцияларын сатып алу мәмілесінің нәтижесінде жүзеге асырылды, ол 2014 жылдың 5 желтоқсанында «Бірыңғай бағалы қағаздар тіркеушісінің» жүйесінде тіркелді. Нұрбанктің иелігіндегі акциялар саны өзгеріссіз қалды және 32 мың 036 қарапайым акцияны құрайды, орналастырылған акциялардың санынан үлесі бұрынғыдай 95,9162%»,- делінген биржа хабарламасында.
Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айының соңында Kapital.kz іскерлік порталдың тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Нұрбанктың басшысы Қантар Орынбаев ЖЗҚ «Атамекен» жаңа компания болып қайта құрылатыны және зейнетақы бизнесімен айналыспайтынын хабарлады. «Бұл шешім соңғы», - деді банкир.
Ол сондай-ақ, ЖЗҚ «Атамекен» атауының енді «ЖЗҚ» аббревиатурасын қамтымайтынын атап өтті. «Зейнетақы қоры басқарушы компания болмайды, бірақ әзірге қызмет түрі анықталмаған», - деді Қантар Орынбаев.
Айтпақшы, қазан айының басында Қантар Орынбаев ЖЗҚ «Атамекен» зейнетақы ақшасының бір бөлігін басқару үшін басқарушы компанияларды таңдау конкурсына қатысуға мүдделі болмағанын атап өтті. «Реттеуші рейтинг бойынша конкурсқа қатысу талабын қойды, ал ата-ана банктің рейтингі ЖЗҚ «Атамекен»-нің шарттарына сәйкес келмейді, яғни «Нұрбанкке». Кейінірек ЖЗҚ «Атамекен» немен айналысатынына қатысты бірнеше нұсқа бар: не ол таратылуы мүмкін, не қызмет бағытын өзгертуі ықтимал»,- деді банкир.