Аккредитив бойынша келісімшарт жасасқанда, сатып алушы мен сатушы кейін мәміле процесі мен нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін кейбір тармақтарды жіберіп алуы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін Нұрбанктің басқарма төрайымы Гүлнар Мұсатаева аккредитивтің келісімшартында көрсетілуі тиіс нюанстарды айтты. Сондай-ақ ол аккредитивтер бойынша Нұрбанк ұсынатын шарттарды және олардың бизнесте неге ыңғайлы екенін бөлісті.
- Гүлнар Абаевна, бұған дейін біз аккредитив қалай жұмыс істейді деп әңгімелескен болатынбыз. Нұрбанк мәмілеге қатысушыларға аккредитив ашу кезінде қандай талаптар қоятынын айтып беріңізші. Несие тарихы маңызды рөл атқарады деп болжамдаймыз ...
- Жиі аккредитив келісімшартына келесі тараптар қатысады: банк – эмитент (шығарушы банк), сатып алушы, сатушы және сатушының банкі (авизо банкі). Бұл тізбекте банктер мәміле бойынша белгілі бір кепілгер ретінде қызмет атқарады, сондықтан олар үшін өнімді сатушы мен сатып алушының сенімді болуы өте маңызды. Өйткені, қамтамасыз ету бойынша құжаттық аккредитив несиелерге теңестіріліп, оны шығару кезінде несие беру шарттары қолданылады. Несие тарихы да ескеріледі.
- Банкке аккредитив келісімшартын жасау үшін қанша уақыт қажет болады? Сатушы не сатып алушы құжаттарын талдау үшін сонымен қатар ...
- Сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімшарт пен банк клиенті (өтініш беруші) арасындағы аккредитив шығару туралы келісімшартты ажырату қажет. Сауда қаржыландыру өнімдерімен тікелей айналысатын банктің қызметкерлері клиенттің сұрауы бойынша келісімшарт жобасын жасай алады. Бұл құжатта банктің клиентіне арналған аккредитив бойынша тиімді шарттар, соның ішінде комиссиялар көрсетіледі.
Банк пен өтініш беруші арасындағы аккредитив шығару туралы келісімшартқа келер болсақ, бұл өте жылдам процесс. Себебі бұл жағдайда типтік келісімшарт формалары қолданылады. Дегенмен, аккредитивті шығару үшін құжаттарды алдын ала дайындау және мақұлдау үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін.
- Бір сұхбатыңызда аккредитивті кез келген компания пайдалана алады деп айттыңыз. Екінші тараптың резиденттігі маңызды емес. Әсіресе бұл өнім сыртқы саудаға қатысатын кәсіпкерлерге қолайлырақ. Мұндай мәмілелер бойынша қай елдерді қамтасыз?
- Біз санкцияланбаған барлық елдермен жұмыс істейміз. Бұл кәсіпкерлерге бүкіл әлем бойынша компаниялармен серіктестік қатынастарын дамытуға, жобаларын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Нұрбанк әртүрлі аккредитив түрлерімен жұмыс істейді, импорттық та, экспорттық та. Алғашқы жағдайда сатып алушы аккредитив бойынша өтініш беруші, екінші жағдайда біздің клиентіміз сатушы, сондай-ақ расталған экспорттық аккредитив бойынша қаржы институты болуы мүмкін.
- Сатып алушы, сатушы аккредитив келісімшартында қандай маңызды тармақтарды көрсетуі керек?
- Талас-тартыстар мен түсініспеушіліктердің алдын алу үшін келісімшартта барлық шарттар нақты жазылуы маңызды. Біріншіден, аккредитив түрі. Ол бірінші дәрежелі банкпен расталған болуы мүмкін. Бұл аккредитив түрі алғаш рет аккредитив шығарып отырған және бір-біріне сенім жоқ контрагенттер үшін ыңғайлы.
Екіншіден, шығаратын банкті және қажет болса, растайтын банкті көрсету қажет. Егер сатушы өнімді партиялармен жеткізіп отырса, мысалы, ұн немесе металл конструкциялар, келісімшартта ішінара төлем қарастырылатыны көрсетілуі керек.
Төлемнің басқа шарттары да маңызды. Мысалы, төлем құжаттарды тексергеннен кейін «ұсыныс бойынша» жүзеге асырылуы мүмкін. Басқа есеп айырысу нұсқасы да болуы мүмкін – «төлемді кейінге қалдыру».
Тағы бір маңызды келісімшарт тармағы – комиссиялар. Құжатта мәміле тараптарының әрқайсысы қандай комиссияларды және қандай мөлшерде төлейтіні көрсетілуі керек. Мұндай келісімшарттардың стандартты шарттарына сәйкес әр тарап өз банкінің шығындарын өтейді.
Көптеген стандартты тармақтар бар. Келісімшартта аккредитив сомасын, келісімшарт валютасын, аккредитив мерзімін, тауарларды жөнелткеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімін, тауарды соңғы жөнелту күнін және т.б. көрсету қажет.
- Қандай келісімшарт сомасы бойынша аккредитив ашуды ұсынасыз?
- Аккредитив көптеген тәуекелдерді, соның ішінде серіктестің келісімшарттық міндеттемелерін орындамауын, кредиттік, коммерциялық тәуекелдерді болдырмағысы келетін кәсіпкерлерге қолайлы. Сондықтан бұл өнім өте күрделі, оның комиссиялары мен шығындары, мысалы, кредит өнімдеріне қарағанда жоғары. Қандай да бір мәміледе аккредитивті пайдалану қаншалықты тиімді екенін түсіну үшін кәсіпкерге өз менеджерімен келісіп, есептеп көруді ұсынамыз. Бұл маңызды кезең, ол аккредитивті ашуға кеткен шығындардың қаншалықты орынды екенін түсінуге көмектеседі, мәміленің кіріс әкелетін-әкелмейтінін анықтай алады.
- Бұл өнім бойынша нарықта комиссиялар диапазоны қандай?
- Әдетте банктер бірнеше комиссия алады: аккредитивті шығару, аккредитивке өзгерістер енгізу, құжаттарды тексеру және т.б. бойынша. Нарықтағы тәуекелдер бойынша комиссиялар мәміле сомасынан 3%-дан 4%-ға дейінгі аралықта.
Болашақта аккредитивтердің сұранысқа ие болатынын үміттенеміз, себебі цифрландыру мен электронды ақшалардың қарқынды дамуымен алаяқтық схемалар трансформацияланатын болады. Біздің пікірімізше, аккредитив кибертәуекелдерді ғана емес, басқаларын да жауып тастайтын өнім болады.